“Ана”

Мұратқан Ақерке Бақбердіқызы

Ана деген жалғыз адам өмірдегі,

Айта алатын бар сырыңды көңілдегі.

Айта бергім келеді міне бүгін,

Рақметімді, Анажан,сүйем сені.

Ана дара, ана жалғыз біреу ғана,

Сен жығылсаң болатын сүйеу пана.

Анаңды сүй, аяла, бағалай біл,

Менде сүйем анамды ол бір дана.

Анашым қабыл алшы балаңның осы әнін,

Түсіндірген сен едің өмір мәнін.

Есейіп, ер жетсекте мына біздер,

Аламыз сізден әлі талай тәлім.

Иә, білем сізді талай ренжіткенбіз,

Бала болдық ол кезде біз білмедік.

Жұмақтың кілті сіздің табан астыңызда,

Соны алу біз үшін парыз дедік.

Бұлар менің шын көңілден шыққан сөзім,

Кешіре гөр қатемді тек бір өзің.

Қорықпа, ана, жаман жаққа кетпейміз біз,

Біз үшін заң өзіңнің айтқан сөзің.

Сүйем ана, сізді мен жақсы көрем,

Әке сізді тірегім шың деп білем.

Алла жазса Әке Ана сіздерді мен,

Биіктердің биігіне көтеремін

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *