Мағжан өлеңдеріндегі ұлттық рух

 

Бүгінгі жастардың бойында Мағжанның бойынан табылған үлкен қуат болуы керек. Ал сол бір қуатты Мағжанның өлеңдері арқылы қалыптастыруға болады. Өлеңдерінде үлкен экпрессия, эмоция бар. Ол эмоцияның бәрі символмен әспеттелген, метафорамен көмкерілген, үлкен көркемдік деңгейге жеткен. Өлеңдерінде ең әуелі ағартушылық идеяны алға тартқан, лириканың өн бойына орыс, батыс, шығыс поэзиясындағы жаңалықтарды сіңірген.

Шығармашылығы еліміздің бай мәдениеті мен тарихының, табиғаты мен халқының тамаша көрінісі болып табылады. Қазақ әдебиетінде алар орны, әкелген жаңалығы баршылық.Мағжан Жұмабаевтың  ұлттық рух сезімін  мен “От” өлеңінен байқадым.

“От”өлеңінде ақынды ұлтымыздың, жұртымыздың тағдыры, болашағы қатты толғандырады. Өлең тақырыбы – қазақ халқының рухын ояту.Өлең мақсаты сол үмітті, сол тілекті өз халқына жеткізу.

Мысалы: «Қараңғылық бұққанда…

Жүрегімді жанымды

Иманымды , арымды

Жалынменен жуғанмын» – өлең шұмағында, халқымыздың небір нәубеттерді басынан өткеріп, Оты сөнуге аз қалған тұстары да жоқ емес. Ақын мұны да ескеріп осы өлеңіне арқау ете білген, әрі шешімімен қоса айтып ұлтты рухтандырып кеткен. Міне бұл – Мағжанның өзге ақындардан даралығы. Бұл сөздер тек сол заманға ғана емес, біздің қазіргі жастарымызды қайраттандыруымызға да сеп болары сөзсіз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *