Жас талғамайтын жұмыс
Жас талғамайтын жұмыс
Қазіргі таңда қолыңдағы ұялы телефонмен біршама табыс көзін табыс көзін табуға болады.SMM, маркетолог,мобилограф,таргетолог секілді бірнеше мамандықтар көбеюуде.Бұл жаңа мамандықтар–заман талабы.Осы салада жұмыс жасайтын көбінесе мектеп оқушылары мен студенттер.Жастайынан табыс көзін тапқысы келетін,ана–аналарына масыл болғысы келмейтін жасөспірімдеріміз жетерлік.Соның бірі–Еркежан Қанат.Жасы 17–де.Алматы қаласында тұрады.Колледж оқып сабағына да,жұмысына да уақыт тауып жүр.Осындай ерте жастан еңбекқор жастарымыз көбейе берсін дегім келеді.
Еркежан, СММ саласына қанша жастан бастап келдің?
–СММ саласына , тәжірибелі маманнан білім алу арқылы ең алғаш 14 жаста келдім Әрине 14 жаста менде ақша жоқ еді .Мен ұзақ ойландым.Қорықтым.Бір шешімге келдім.Курсқа қатысамын деген мақсат қойдым.Әпкеме айтып түсіндірдім ,мені түсініп барынша қолдап курсты төлеп берді. Алғысым шексіз!Курста біраз ақпараттарды білдім.Бірақ менде практика болмады,негізі кез–келген затты жасағанда теориядан бөлек ең бастысы практика жасау.Сонымен,маған бірінші курстың тек фундамент болғанын түсіндім. Ал не керек?Өзімнің біліміме инвестиция аямай тағы да курстарды алып, білімімді толықтырып, ең алғашқы проектімді 15 жаста алдым.
–Бастапқыда қандай деңгейде болдың және курстан соң қандай деңгейге жеттің?
–Бастапқыда табысым болмады,елдің сөзіне мән беретін,әр істі бастағанда қорқынышын жеңе алмайтын,блог жүргізбейтін қарапайым қыз болдым.Курстан кейін проекттермен жұмыс жасап,өзімнің қалауларымды ала алатын,блогты еркін жүргізетін, тұрақты табыс көзіне шықтым.Бар жоғы 15 жаста!
– СММ саласындағылардың табысы қанша?
-Табыс көзі әртүрлі,адамның тәжірибесіне байланысты.Мысалға айтатын болсақ,жаңадан курс алып бітірген болса,олар өзінің қабілеттерін дамыту үшін 80-100 мыңнан бастап проекттер алады.Ал егер де белгілі тәжірибесі бар болса 250 мыңнан жоғары табыс көзін таба алады.
–Бизнестің дамуына,тауарлардың сатылуына СММ– нің үлесі қандай?
–Өте үлкен үлесі.Себебі қазіргі кезде нарықта бизнестер көбейіп жатыр, соған сәйкес әр бизнестің дамуына СММ–маманы керек.Яғни сол бизнесті әлеуметтік желілер арқылы әлемге танытып,танымалдылықты алып келеді.Әр кәсіптің дамуына әлеуметтік желілер әсер етеді.Ол әлеуметтік желіні дамытатын СММ мамандары.СММ– кәсіпкердің жұмысын жеңілдетеді.
–Еркежан,қалай ойлайсың бұл мамандық болашақта қазіргідей сұраныста болады ма?
-Сөзсіз бұл мамандық сұраныста болады.Қазақстан эконмикасының дамуына бизнестер әсер етеді.Ал қазіргі кезде кәсіпкерлер саны күннен-күнге артуда.Кәсіпкерлер көп болған сайын СММ-нің сұранысы артады.
-Қазақстанда СММ мамандарының көпшілігі жұмысын ресми тілде жүргізетін сияқты.Қазақ тіліне деген сұраныс аз ба?
-Ия,сұраныс аз. Себебі, қазақ тілде жүргізсе ол бизнес масштабқа шыға алмай қалады деген кәсіпкерлердің қорқынышы бар.Сол үшінде барынша парақшаны екі тілде жүргізуге тырысамын.
-Колледж бен жұмысыңды бірге алып жүру қиынға соқпайды ма?
– Колледж-дің күнтізбесі ыңғайсыз күндерде қиынға соғады.Бірақ та,СММ жұмысының ең қолайлы тұсы кез-келген жерде,кез-келген уақытта жұмыс жасауға болады.Тек студенттерге емес, барлық адамға таптырмас мүмкіндік.
-СММ немесе мобилография?
–СММ көбінесе стратегиялық жұмыс болғандықтан маған мобилография жақын.Мен өзім шығармашыл адаммын және әлемді қалай көремін,камера арқылы сол көріністі жеткізгім келеді.Қысқасы камераға түсіріп,монтаждаған ұнайды.
-СММ саласында жұмыс жасағысы келетін,қызығушылықтары артып жүрген жастарға қандай кеңес бересің?
–Білімнен ақшаны аямай,сенімді, осы саладан тәжірибесі жоғары,жеңіл әрі оңай түсіндіретін адамнан білім алу керек.Әрине нәтижені бірден күтпеу керек,ол адамның өзіне байланысты.Курсты алған соң, екі тараптан жұмыс жасалуы тиіс.Бұл мамандық жайлы әлеуметтік желілерде тегін ақпараттар өте көп,сол ақпараттармен де таныс болыңыздар.Бірден айтайын СММ ол оңай жұмыс емес.Айналысқың келсе толықтай дайын болып баруың керек.СММ мамандығында жас талғамайды 10 жаста болсаң да,50 жаста болсаң да айналыса аласың.СММ=ЕРКІНДІК,САЯХАТ,ДАМУШЫ ОРТА,ТҰРАҚТЫ ТАБЫС.Егер адам мүмкіндігі болса,СММ-ді оқып жақсы табыс көзіне шығуға болады.Әр адам мүмкіндікті жіберіп алмай заман ағысына сай бұл мамандықты меңгеру тиіс деп ойлаймын.
-Өте жақсы ой саларлықтай сұқбат болды.Білгеніңмен бөліскеніңе рақмет!
Жұмысыңа табыс тілеймін Еркежан!
АМИНА БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ
№44 орта мектептің 11 сынып оқушысы
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ
АҚДАЛА АУЫЛЫ