Ұмыт қалған салт-дәстүрлер

Бекбай Мерей Нұрлыбекқызы

Салт-дәстүріміз тарихымыз бен ұлт болмысын айқындап тұратын ерекше жөн-жоралғылар.Соның ішінде қарастыратын тақырыбымыз ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлер жайлы болады.Бірінші көбісі ұмытып бара жатқан дәстүр,жоралғы “Деңгене”-қазақта сайыс болып ұйымдастырылатын салт-дәстүрлердің бірі.Өзге ауылдан келген көрші үш-төрт жігіт алдымен қонаққа баратын үйін сайлап алып,сол үйдің алдына барып “Деңгене!Деңгене жеуге келдік”деп айғайлайды.Ал сол үйдің иесі бұл сөзді естіген соң,бір қойын сойып,етін түгел қазанға салады.Деңгене дәстүрі бойынша әлгі қонақтар етті түгелдей жеп,сорпасын ішулері керек.Тауыса алмаған жағдайда бір қойды екі қой етіп қайтару керек.Міне осындай қызықты бірақ,ұмытылып жатқан салт-дәстүр түрі.Екінші дәстүріміз “Байғазы беру”.Байғазы беру-үлкеннің кішіге,яғни балаға беретін сый.Жас бала өзіне қандайда бір жаңа зат алатын болса,үйінің үлкен ата-әжелерінен байғазы сұрайды.Олар болса байғазыға ақшалай,мал,мүлік әйтеуір бір зат беріп құттықтауын білдіреді.Қазіргі кезде байғазыны беретін адамдар саны да,сұрайтын адамдар саны да әрине аз бірақ,байғазының екінші түрі, “Сүйінші сұрау”болып танылып кеткен.Алайды екеуінің ұқсастықтары көп болғанымен,екеуі екі бөлек мағынаға ие.Үшінші салт-дәстүрімізге келер болсақ, “Босаға майлау”.Босаға майлау-жастар шаңырақ құрғанда немесе жаңа қонысқа көшкенде жақын туған-туыстары келіп келген шаңырағының босағасына май жағу салтын жасайды.Ол осы үй берекелі,майдай жұғымды болсын деген ниеттен туған.Босағаны майлаған адамды да құр алаған қалдырмай,үй иелері кәде сый береді.

Міне осындай қызықты әрі ел жадынан шығып бара жатқан үш негізгі салт-дәстүрлеріміздің мағынасын толық айқындадым деген ойдамын.Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді дәріптеп,атқарып жүрейік.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *