Тәуелсіздік ең қымбат қазынам.
Мамат Назерке Қалибекқызы
Тәуелсіздік алу дегеніміз- барлық адамзаттың, елдің, ұлттың, азаматтығы, еркіндігі. Біздің тәуелсіз елімізде бақытты, емін-еркін өмір сүріп жатырмыз. Тәуелсіз мемлекет- өз алдына дербес, ұлттық тілі бар,өз мәселесін өзі шеше алатын, ешкімге тәуелді емес ел. Тәуелсіздік- бабалар аңсауы, мен ұрпақтарының қолы жеткен ең қымбат қазынамыз, байлығымыз. Тәуелсіздік- ата бабаларымыздың ащы терімен келген біздің тәтті жеңісіміз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алуының тарихы тереңде жатыр. Еліміздің егемендік алған күні, яғни тәуелсіздік мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында тойланады және 16-17 желтоқсан күндері тәуелсіздік мерекесі болғандықтан, осы күндері демалыс болып табылады. Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ, көптеген аға-әпкелеріміз еліміздің болашағы үшін соңғы демдері қалғанша күресті. Өткен тарихымызға үңіліп қарасақ, азаматтығымызды, еркіндігімізді алу үшін 200 жыл қажет болған. Еліміздің еркіндігі үшін мыңдаған, миллиондаған батырларымыз қаза болды. Біз тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз деген осы бір ғана сөздің өзі үлкен қуаныш, абырой, мақтаныш. Осы бір сөзді айтар кезде ең алдымен өзіміздің қайсар, мықты, батыр аға-әпкелеріміз есімізге түсері анық. Тәуелсіздік батыр бабаларымыздың шайқастағы ерең ерліктері, төккен қанымен тең. Бабаларымыздың армандап кеткен тәуелсіз мемлекетінде қазір біздер өмір сүріп жатырмыз. Бабаларымыздың басты арман-мақсат тек соғыста жеңіске жетіп, уақытша болсада басқаларға тәуелді болмау емес, керісінше ашық аспанда, ұйқыдан қорқынышсыз ояну, ешкімге тәуелді болмай қазақ халқының мәңгілік тәуелсіз ел болуы еді. Осы тәуелсіздікті бізге өздерінің асыл, ең қымбат қазынасы етіп қалдырды. «Түбін білмеген тексіз» деп бекер айтпаған. Тәуелсіздіктің бізге қандай қиыншылықпен келгенін, әрбір қазақтың ұл-қыздары білуі тиіс өте терең тарих деп білемін. Менің ойымша тәуелсіздік бұл, қаншама батырымыздың жаны пида болған, тәтті арман, батырлық пен бірліктің арқасында келген қуанышты,сәтті жеңіс.
Сәтті жеңістің арқасында тыныштық заман орнады. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп мақтанышпен айқайлап айта аламыз. Тәуелсіздігімізді 1986 жылы 16 желтоқсанда алған едік. Тәуелсіздік жолында бірлігімен, батырлығымен, батылдығымен, ерен еңбегімен қаза болған аға- әпкелерімізді құрметпен, сағынышпен еске аламыз, алғысымыз да шексіз.
Бүгінде еліміз Отанымыз- Қазақстан күннен күнге дамып, дамығыған 30 ел қатарына кіріп, тәуелсіздік алған соң ел тірегі- ата заңын 1995 жылы 30 тамызда қабылдап, барлық әлемге танылып жатыр. Тәуелсіздікті мәңгі сақтап тұру «жас ұрпақ» яғни біздің қолымызда. Сол үшін де біз білім алып, білімді, саналы ұрпақ болуымыз керек және де ұлтқа, руға бөлінбей бірлігімізді сақтаумыз керек. «Бөлінгенді бөрі жейді» бөлінеміз деп тәуелсіздігімізден айрылып қалмайық.
1986 жылдың желтоқсан айы қазақ елі үшін қорлықтың,тәуелді болудың, қасіреттің соңы мен тәуелсіздіктің, еркіндіктің, қуаныштың, бақыттың басы еді. Тәуелсіздікті алумен бірге Қзақстанның дамуы басталып, тамыры тереңге жайылып, жапырағы жайқалды.
Осы тәуелсіздікті алу үшін қаза болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сияқты батыр аға- әпкелерімізді ұмыту мүмкін емес. Тәуелсіздік алу жолындағы бас қаһарман Қайрат Рысқұлбековке жала жабылды. Сот Қазақ ССР-і қылмыстық істер кодексінің 173- бабының 1- тармағына сәйкес ату жазасын берді. Осылай әділетсіз соттың, саясаттың кесірінен қаншама батырымыз көз жұмды. Қайрат ағамыз 1988 жылы 21 мамырда қаза болды. Ал Ләззат әпкеміздің қазасы әлі күнге диін жұмбақ, белгісіз. Ербол Сыпатаев ағамыз үйінің жалғызы еді. 1986 жылы 18 желтоқсанда 20:00-де ауруханаға бас сүйегі мен иығының ауыр жарақат алған күйінде жеткізілді. Ербол ағамыз көзін ашпастан қаза болды. Сәбира әпкеміз желтоқсан көтерілісі кезінде 2-курс оқитын еді. Ол 22 желтоқсан күні Алматыдағы жағдайды естімекші болып, ЦУМ-ға барады. Осы үшін сынып жетекшісі Сәбираның ата-анасын шақырып, жиналысқа салады. Бұған ашу- ызаға булыққан Сәбира әпкеміз терезеден секіріп қаза болады. Дәл осылар сияқты қаншама жастарымыз із-түссіз жоғалып қаза тауып, қасық қандары қалғанша шайқасты десеңші. Міне, осы үшін де «Тәуелсіздік- ең қымбат қазынамыз». Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Тәуелсіздікті алудан оны сақтап қалу қиын» сол үшін де біз ең қымбат қазынамызды сақтап қалу үшін қолымыздан келгенді аянбаумыз керек, елдің бірлігін сақтаумыз керек, қазақ тілін дамытумыз керек.
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздікті сақтау жолындағы ерен еңбегін, батылдығын бағалаумыз керек. Қымбат қазынамыз Тәуелсіздікті сақтап қалу әркімнің қолынан келе бермейді. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ақылды, дана, сөзін жүргізе алатын, болашағымызға жол бастай білген адам. Қазақстанды 30 ел қатарына кіруіне көп еңбек етті. Отанымызды татулығы, ынтымағы, бірлігі жарасқан елге айналдырған адам. Елбасымызға алғысымыз шексіз. Тәуелсіздік- еліміздің дамуының алғашқы басамасы. Қолымызда бар алтын, қазынамыздың қадірін білейік.