Маманды-болашақ азығы
Бекбай Мерей Нұрлыбекқызы
Мамандықты дұрыс таңдау қаншалықты маңызды?
Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек деп жатады емеспе. Оның бірі жар -таңдау болса, екіншісі — мамандық таңдауда. Бұл екі таңдаудан біздің келешек өміріміздің қандай болатыны шешіледі. Сол себепті, бұл жастардың болашаққа деген ең алғашқы және ең ауыр қадамы деп білемін.
Жалпы, мамандық таңдау бұл әрбір адамзат үшін – өмірлік таңдау. Десекте, көптеген жастар — мамандық болашақпен тікелей байланысты ұғым екенін естен шығарып жатады. Қазір өкінішке қарай, көптеген мектеп бітіруші түлектер ата-ананың кеңесі, үлкендердің ақылы мен тәжірибесіне сүйеніп, мамандық таңдап жүр.Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 50 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді екен. Ал бұл дегеніңіз ата-ана мен мемлекеттің грантқа бөліп жатқан қаражатының 50 пайызы желге ұшады дегенді білдіреді.
Сондықтан, мамандықты дұрыс таңдай білген жөн. Егер адам өзін емес, өзгенің қалауымен басқа мамандық таңдаса, өмірінің соңына дейін өкініп өтеді. Біріншіден, жұмысқа өз сүйген ісімен айналысу үшін емес, тек қаражат табу үшін ғана баратын болады. Ал егер өз жүрегінің үніне құлақ түріп, өзіне сеніп, өз шешімін таңдаса ше?! Онда өз сүйікті ісімен айналысады, істеген ісінен ләззат алады деп ойлаймын.
Дұрыс таңдалған мамандық қаржылық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жақсы төлем мен кәсіби өсу мүмкіндіктерін ұсынады. Осылайша, дұрыс мамандық таңдау арқылы адам өз қаржылық жағдайын нығайтып, болашағына сенімді бола алады.
Жұмыс ортасы адамның әлеуметтік өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Дұрыс мамандық таңдау арқылы адам өзімен ұқсас қызығушылықтары бар адамдармен жұмыс істеп, жаңа достар таба алады. Бұл оның әлеуметтік байланыстарын нығайтып, психологиялық әл-ауқатын арттырады.
Қорытындылай келсем, дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді. Сондықтан мамандық таңдауда шалыс баспаған дұрыс!