Өмірдің көп қой қызығы

Өмірдің көп қой қызығы,

Құрай білсең егерде.

Алланың берген белгісі,

Ниетінде емеспе?!

Армандай біл – бастысы,

Болашақтың сатысын,

Мақсатың мен айқындап ,

Жоспармен баста – әр істі .

 

Ізденуден шаршама,

Көп білуді аңсада-

Құштарлықпен адымда.

Ел мен жерді көруге,

Мәдениетін білуге .

Өрісіңді кеңейтсең,

Өркенің өсер тегін де.

 

Қателіктен қорыпа,

Шын қуанып шарықта,

Ойнап күліп жарқыра,

Құндылықты ұмытпа.

 

Құндылықтың қымбаты-

Жан мен тәннің тазасы.

Ата-ана,баласы,

Туыстықтың арасы-

Құндылықтың атасы.

 

Елің, жерің-табиғат,

Термен келген каражат,

Денсаулық бар -ең құнды.

 

Ақыл менен сарала

Әр күніңді бағала,

Құндылықтың Бабасы –

Уақытыңды бағала.

 

Русланқызы Жанель

Алматы қаласы

Алмалыбақ ауылындағы ОМГ

11„Ә” сынып оқушысы

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *