Наурыз мейрамы біздің мектепте қалай атап өтіледі?

Мамат Назерке

Табиғатта, Жер Ана да оянып құстардың жылы жақтан қайта ұшып келуі шуағын төккен- көктем мезгілінде орын алады. Бұл мезгілді барша жұрт қатты қуанып күтеді. Неге десеңіз күн мен түннің теңеліп, Самарқандтың көк тасы жібитін кезең- Наурыз тойы тойланады…

Мен бұл мейрамды ерекше әсермен күтемін. Себебі бұл қазақ халқының ұлттық төл мерекесі. Біздің жақта Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз өте жоғары деңгейде тойланады. Әсіресе естен кетпейтін кез мектепте атап өтілуі.
Жігіттердің үстінде шаппан, бастарында тақия, ал гүлдей құлпырған қыздардың үстінде оюланған ұлттық киім мен диадема. Мектеп алдында дәстүрлі киіз үй тігіліп, қазақтың байырғы салт-дәстүрлерінің иісі аңқиды. Біз сыныпта 21 оқушымыз. Әрқайсымыз ұлттық тағам наурыз көжені дайындайтын заттарды бөліп аламыз. Дастарханнан жент, құрт, сүзбе, ірімшік дегендерді табуға болады. Әр келген қонаққа көжеден дәм ұсынып, бата, тілек сұраймыз. Осыдан кейін сынып аралауға шығамыз. Қарнымызды тойдырып мектеп алдындағы қызықты тамашалауға асығамыз. Арғы жақта құлақ түртер әсем әуен, ортада мың бұралған биші қыздар, сол жаққа қарасақ күрес, асық секілді ұлттық ойындар ойналып жатады. Қандай керемет көрініс десеңші. Осы бір қазақтың киелі, қасиетті саналған мейрамының бізге берер қаншама тәлімі мен тәрбиесі бар. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа құт дарытып, бақыт қондырады. Жыл бастауы Наурыз өзімен бірге жақсылықты алып келеді.

Мінекей, бұл мейрам біздің мектепте осылай өтіледі. Ал сенің мектебіңде бұл мерекені атап өту дәстүрі қандай?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *