Мамандықты қалай дұрыс таңдау қажет?

Бүгінгі күнгі бітіруші түлектердің басты мәселесі—мамандық таңдау. Қазіргі таңда жасөспірімдердің көбі мамандық таңдауда қателесіп жатады. Статистикаға сүйенсек, мектеп бітіруші түлектердің 80%-ы сүйікті мамандығын таңдамайды. Бірі ата-анасының, мұғалімдерінің, туыстарының айтуымен таңдаса, енді бірі «грантқа түссем,диплом алсам болды» деген оймен өзіне ұнамайтын мамандықты таңдап жатады. Соның салдарынан бүгінгі қоғамда өз жұмысына немқұрайлық танытып, мамандығы бойынша жұмыс жасамайтын адамдар саны көптеп кездесуде.
Мамандық таңдау—адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан мамандық таңдар алдында жақсылап ойлану қажет.

Ал қалай дұрыс мамандық таңдау қажет? 

Дұрыс мамандық таңдау үшін қарапайым 7 кеңесті ұсындық: 

 

1.Өзіңізді зерттеңіз.

Сіз қандай қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңіз бар екенін ескеріп, неге бейім екеніңізді анықтаңыз.
Қызығушылық-зат немесе құбылыс туралы білуге ұмтылу.
Егер сізде мамандығыңызға деген қызығушылық жоқ болса, сіз ол мамандық бойынша жоғары білімі бар маман иесі бола алмайсыз.
Қабілет-адамның белгілі бір іс-әрекетті орындау барысында көрінетін ерекшелігі.Сіз бойыңыздағы туа біткен қабілетіңіз арқылы неге бейім екеніңізді білуіңізге болады.Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Осы үш ерекшелігіңізді білсеңіз дұрыс мамандық таңдауға ықпал ете аласыз.

2.Сұранысқа ие мамандықтарды іздеңіз.

Төменде сұранысқа ие топ 3 мамандықты айтып өттік:
• Мұғалім мамандығы.
Елімізде бүгінгі күннің өзінде мұғалім тапшылығы орын алып,сұраныс артуда. Дегенмен де бұл мамандықты сұранысқа ие деп емес, өз қалауыңызбен таңдағаныңыз жөн.
• IT(ақпараттық технологиялар) саласының маманы.
Қазіргі дамыған заманда бұл мамандыққа сұраныс артып жатыр. Сол себепті де биыл гранттардың көбі осы салаға бөлінуде.
• Маркетинг пен жарнама саласы.
Бұл сала мамандары бүгінгі таңда бизнесмендер үшін керемет мүмкіндік.
Әр жыл сайын жаңа қызметтер шығып, сұранысқа ие мамандықтар қатары көбеюде.Сіз сол салаларды зерттеу арқылы дұрыс таңдау жасай аласыз.

3.Өзіңіз ұнатқан мамандықты зерттеңіз.
Ұнатқан мамандықты таңдағаннан соң, ол мамандық қай өңірлер мен оқу орындарында бар екенін, жалақы мөлшеріңіз жайлы және т.б. ақпараттарды анықтап алыңыз.

4.Денсаулық жағдайыңызды тексеріңіз.
Кейде өзіңіз ұнатқан мамандыққа денсаулығыңыз жарамауы мүмкін. Мысалы, бортқа созылмалы аурулары бар, көз көруі 2,5-тен төмен адамдарды алмайды.Сол себепті мамандық таңдар алдында дәрігер кеңесіне жүгініп, өз денсаулығыңызды қазірден қолға алыңыз.

5.Жақындарыңыздың ақылын тыңдаңыз, бірақ өз жүрек қалауыңызбен әрекет етіңіз.
Көбіне ата-анаңыз,мұғалімдеріңіз сізге «мына мамандықты таңда,болашағыңа осы мамандық керек» деген сынды өз пікірлерін айтып жатады. Дегенмен де әркімнің өз қалауы бар.Сондықтан,мамандық таңдар алдында жүрек қалауыңызды тыңдаңыз.

6.Болашағыңызды ойлап, әрекет етіңіз.
Сіз қазір белгілі бір мамандықты таңдай салып, оны 4 жыл оқып, диплом алсам болды деген оймен жүрсеңіз, бұл ойдан аулақ болыңыз.Жүрек қалауыңызды тыңдап,өзіңіз қызығушылық білдірген саланы таңдаңыз. Болашағыңыз өз қолыңызда!

7.Өзіңіз ұнатқан мамандық иесімен әңгімелесіңіз.
Таңдаған мамандығыңыз жайлы сол маман иесімен сөйлесіп, ол адамнан ақыл-кеңес алып, қандай қателіктер жібермеу қажет екенін біле аласыз. Сонымен қатар, сізге ұнайтын оқу орындарына барып, ашық есік күндеріне қатысып, ақпарат жинақтап алуыңызға болады.

Таңдау жасау-өміріңізді түбегейлі өзгертетін мүмкіндік.Дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары адамның өзіне ғана емес, қоғамға да кері әсерін тигізерін ұмытпаңыз.Сол себепті,мықты маман иесі болу үшін қазірден бастап әрекет етіңіз.Осы кеңестерімді пайдаланып, өз қалауыңыздағы мамандықты таңдап, дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *