Ертегі терапиясының балалар психологиясына әсері

Рахманова Арайлым Асқарқызы

  • Балалардың психоэмоцианалды күйін реттеуде ертегі терапиясын қолданудың маңызы.
  • Кіші топ жасындағы  балалардан бастап жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеп, оларға өнегелі тәрбие беру мектепке даярлық  алдында тұрған маңызды мәселердің бірі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырылған. Оны шешуге балабақша психологының қосатын үлесі өте үлкен. Өйткені жеке тұлғаның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу, оларды салауатты өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін баланың психологиялық даму барысында орын алатын көптеген ауытқулардың алдын алып, даму қайшылықтарынан өтуге психолог көмек көрсетуі тиіс. Бұл тұрғыда кіші топ жасындағы балалардың эмоциясын реттеу маңызды. Қазіргі кезеңде ертегі терапиясы тек қана балаларға ғана емес ересектерге де кеңінен қолданылуда. Ертегі терапиясының дамуына, эмоциясын реттеуде  Н.М.Назарова,  В.В.Егорычев,  В.Г.Петрова, М.Н.Перова, Е.А.Стребелевой, Е.Васина, А.Барыбина, Т.Д.Зинченков, қазақстандық ғалымдар С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Х.Т.Шерьязданова, А.Құдиярова, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде  қарастырған.
  • Мектепке түсу бала сезімдерінің жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Кіші топ жасындағы балалардың (әсіресе, 2-3 жастағы) аса сезімтал, эмоционалды келеді. Бұл балалар  сергек те жайдарлы, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Мәселен,  мектепке дейінгі балалар арасында сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін балалрды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар деуге болады.Мектепке даярлық тобы есейген сайын жоғарлап, бала мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Тәрбиешінің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыру жүргізуі балабақша балаларынакөп көмек көрсетеді. Кіші топ  жасындағы балалар бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиеті бар. Мысалы, біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады. Кіші топ жасындағы балалардың эмоциялары мен сезімдерін топқа сәйкес бөліп көрсетуге болады. Кіші топ жасындағы балалардың сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу – өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ кажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру кажеттігін еске салады. Балабақшада баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде жақсы қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, ғарышкерлерге еліктеп, солардай болсам екен деу-кез келген баланың арманы.
  • Ортаңғы,ересек топ балаларының сезімдері бірте-бірте күрделене  түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді. Кіші топ жасындағы балаларда ұялу сезімдері жетіледі. Ұялу-баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның элементі мектеп жасына дейінгі балаларда да жақсы байқалады. Мәселен, екі жасар балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды не анасының артына тығылады. Әрине, мұны шын мағынасындағы ұялу деуге болмайды. Бұл- баланың танымайтын адамға тосырқау, немесе осы жастағы балаларға тән жасқаншақтықтың бір көрінісі. Егер осындай жағдайларда бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте-бірте сүйегіне сіңіп, ынжықтық, құр босқа ұялшақтық, не керісінше, көкіректік, басқаны сыйлауды білмейтін паңдық қасиеттердің де қалыптасып кетуіне себепші болады. Баланы орынсыз ұялта беру де кажет емес. Бұл баланың өз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды. Тәрбиеші баланың ұялу сезімін асқан сақтықпен қарауы тиіс. Мәселен, салақтық, епсіздік немесе күйгелектіктен болған жағымсыз істерді әдейі жасаған тәртіпсіздік қылықпен бір дәрежеде қарап, ұялту қате. Бала өзінің жағымсыз іс-әрекетінің мәні неде екенін, қандай тәртітпі бұзғанын айқын білгенде ғана ұялтудың тәрбиелік әсері болады. Кейде белгісіз жағдайларға байланысты білместікпен тәрбиешілер баланың ағат істерінің шығу төркінін тексермей-ақ оны ұялта бастайды. Сондай-ақ, баланың өзі түзете алмайтын қатесі үшін де ұялтатындарболады. Сонымен  қатар,эмоция  танымдық  процестердің  басқада  бөліктеріне  әсерін  тигізеді.Осының  әсерінен  субьектінің  мінез – құлқы  өзгереді. Кіші топ жасындағы балалардың эмоциясын реттеуде ертегі терапиясын қолдану өте маңызды. Себебі, ертегі терапиясы өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады.
  • Ертегі терапиясын тәжірибеде қолдану – адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның әдістерінің бірі. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей – ертегідегі теңестірулер, яғни, (метафора) адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді Ертегі терапиясын сол себепті де адамның рухани жан дүниесіне үйлесімділікте тәрбиелеуге мүмкіндік береді.  Сондықтан да психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.
  • Ертегі терапиясыныңжетекші идеяларын бөліп көрсетуге  болады:
  • –      өміріндегімүмкіндіктері мен өмірініңқұндылығын, өзіндікәлеуетінсезіну;
  • –  оқиға мен амалдардыңсебеп-салдарынтүсіну;
  • –  қоршағанортанытүйсінудіңәртүрлістильдерінтанып-білу;
  • – қоршағанортаменөзаражасандыәрекетету;
  • – үндестік пен күшті  сезіну.
  • Ертегі терапиясыныңкогнитивтіжәнешығармашылықаспектілері ерекшемаңызды. Ертегігеталдаужасау (когнитивтіталдау) руханиқұндылықтарға жанасуды, күнделіктіжағдайларға қатысты  көзқарастыөзгертеді,  байытады. Қиялдыңшығармашылықэнергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтардайындау, ертегінідраматизациялау (шығармашылықаспектілер) арқылышығаруғамүмкіндікбереді. Барлық осы күштерөзөмірінконструктивтіөзгертугекөмегінтигізеді. Ертегітерапиясыменәсерету  ертегінің бес түрініңкөмегіменжүзегеасады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялықжәнемедитативті. Әрбіржағдайға, әрбіркеңес беру кезінесәйкескелетінертегілертаңдалыпалынадынемесеарнайықұрастырылады. Бұлертегітерапевтерініңоқытутақырыбыболады. Әртүрліобраздағыертегілерқатысушыларғаәртүрлібағыттаұсынылады: ертегініталдау, ертегініайтып беру, шығарма, қуыршақдайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация жәнет.б.
  • Ертегі терапиясыныңмақсатындапсихологиялық  тәжірибедеұлттықжәнеатақтыавторлардың (Х.К.Андрсен, К.С.Льюс, Е.Шварц) ертегілерінжәнепсихотерапияғаарналыпарнайыжазылғанавторлықертегілердіқолдануғаболады. Ертегініңәрбіртүрініңөзіндікжетістігі мен өзіндік кем жақтары бар. Ұлттықертегілердіқолданудыңнегізгіжетістіктерінетоқталыпкетерболсақ, оларғамыналардыжатқызуғаболады:
  • –     ертегініңметафоралығыжәнебейнелігіжекелікпроекцияныңмүмкіндіктерін  қамтамасызетеді;
  • –     топтыңжәнеклиенттіңбелгілібірқойылыммен  немесеертегімәтініменсөзбе-сөзтанысболуы;
  • –     жете түсіндірудіқажететпейтін, ғасырларбойыайтылыпкележатқанқойылымдар;
  • –     динамикалылығы;
  • –     алуантүрлілік, қажеттітақырыптытаңдапалуғамүмкіндіктіңболуы;
  • –     ұлттықерекшелік пен ұлттықмінез-құлыққасәйкестік.

Қорыта келе психолог ертегініқаншалықтыжақсы көргенімен оны  орындықолданабілуіқажет. Ертегігенегізделгенғажайыпойындарадамныңәлсізжәнекүштіжақтарынашып, көругемүмкіндікбереді. Соныменқатар, мінез-құлқындағыкейбіржағымсызжақтарыныңсебептерінанықтайды. Сонымен, оқу-тәрбиепроцесіндеертегітерапиясыдамытушы-түзетушітренингтеркешеніменбіргебайланыстыраотырыпқолданылса,  баланыңтұлғалықүйлесімділігініңдамытудаүлкенжетістіккежетугеболады. Өйткеніертегітерапиясы–психодиагностикалық, психопрофилактикалықжәнепсихокоррекциялыққызметатқарады

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *