Бала тәрбиесінде өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығы

Есенгельді Ғани

Қазіргі бәселекелестік заманында білімнің рөлі өте жоғары. Дегенмен білім беру саласында оқушының тәрбиесі басты орында тұрады. 

Тәрбиелі, білімді және саналы ұрпақ өсіру үшін мұғалімдер мен ата-аналардың жауапкершілігі зор. Дегенмен, оқушыны тәрбиелеу тек сыртқы әсерлерге ғана емес, өзін-өзі тәрбиелеу процесіне де тығыз байланысты.  

Зигмунд Фрейд айтуы бойынша баланың бұл өміріндегі жақсы мен жаман нәрсе туралы ұғымды мұғалім мен ата-анасы орнатады. Яғни бала өмірінде ата-анасы мен мұғалімін үлгі ретінде алады.  Баланың тәрбиесіне оң ықпал ету үшін мұғалімдер мен ата-аналар алдымен өздерін тәрбиелеуі қажет. Өзі жамандыққа үйір адам, баласына «жат қылық істеме» деп айтқанымен пайда жоқ. Себебі ол – жалғаншыл, өтірікші пенде санатында. 

Өзін-өзі тәрбиелеу деген не ? Өзінді тәрбиелеу – бұл адамның өз әрекеттері мен мінез-құлқын басқаруға, жетілдіруге және дамытуға бағытталған саналы процесс. 

Өзінді тәрбиелеудің қажеттілігі бірнеше аспектілермен айқындалады: 

1)Өзін-өзі тану және жетілдіру: Мұғалімдер мен ата-аналар өздерінің күшті және әлсіз жақтарын білуі, өздерін жетілдіруге ұмтылуы керек. Өзін-өзі тану арқылы олар өздерінің мінез-құлқын, әрекеттерін және оқушыға деген қатынасын саналы түрде бақылай алады. 

2)Үлгі көрсету: Балалар үлкендердің әрекеттеріне қарап, олардан үлгі алады. Егер мұғалімдер мен ата-аналар өздерін тәрбиелеуде үлгі болса, балалар да сол үлгіні ұстануға тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мұғалімдер мен ата-аналар балаларға өзіндік тәртіп пен жауапкершілікті көрсетуге мүмкіндік алады. 

3)Тәрбиелеу процесінде сенімділік: Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімдер мен ата-аналарға өз іс-әрекеттерінде сенімді болуға көмектеседі. Сенімділік – тәрбиелеу процесінің маңызды бөлігі. Сенімді мұғалімдер мен ата-аналар оқушылардың сенімін арттырып, олардың дамуында белсенді рөл атқарады. 

4)Моральдық және этикалық принциптерді сақтау: Өзінді тәрбиелеу адамға моральдық және этикалық принциптерді сақтауға көмектеседі. Мұғалімдер мен ата-аналар өздерінің мінез-құлқында этикалық нормаларды ұстана отырып, балаларға дұрыс құндылықтарды үйретеді. 

5)Психологиялық тұрақтылық: Өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мұғалімдер мен ата-аналар өз эмоцияларын басқаруды үйренеді, стресстік жағдайларда сабырлы болуға дағдыланады. Бұл қасиеттер оқушылармен қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. 

Қорытындылай келе, оқушының тәрбиесі мұғалімдер мен ата-аналардың өзін-өзі тәрбиелеу процесімен тығыз байланысты. Өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мұғалімдер мен ата-аналар балаларға дұрыс тәрбие беріп, олардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.  

Өзінді тәрбиелеу арқылы мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға оң үлгі көрсетеді. Өз әрекеттерін, эмоцияларын және уақытын тиімді басқаруды меңгерген ересектер балаларға өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығын түсіндіреді. Балалар үлкендердің мінез-құлқын бақылап, олардың өз-өзін қалай тәрбиелейтінін көріп, сол үлгіге ұмтылады. Бұл өз кезегінде оқушылардың да өз-өзін дамытуға, тәртіпті болуға және жауапкершілікті сезінуге көмектеседі. 

Өзін-өзі тәрбиелеу тек мектепте немесе бала кезіндегі ғана емес, өмір бойы қажет болатын маңызды дағды. Адамның жеке және кәсіби өсуі үшін өзін-өзі жетілдіру, өз әрекеттерін бағалау және оларды жақсарту маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу арқылы адам жаңа білімдер мен дағдыларды игеріп, қиындықтарды жеңіп, өз мақсаттарына жете алады. Өзін-өзі тәрбиелеу өмірдің барлық кезеңдерінде қажет,сондықтан әрбір адам бұл процеске ерекше назар аударуы тиіс.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *