Қыстық киімдер
Кудайбергенова Багила Досановна
Мақсаты:Балаларға қысқы киімдер(Баскиім,аяқкиім,сырт киімт.б) туралы білімдерін бекіту.Ұл баламен қыз баланың қыстық киімдерін, олардың ерекшелігі мен ұқсастығын ажырата білуге үйрету.Тиым сөздер санамақтар,тақпақтар,жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Өз- өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту.Ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : Қыстық киімдер,Көрмеге керектіқыстық киімдер,Мазмұнды суреттер, бала санына қарай қолғаптар,
Ұйымдастыру кезеңі .
Шаттық шеңбері: Біз кішкентай баламыз
Өсіп өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға
Жақсылық біз тілейміз
Қайырлы таң балалар!
Қайылы таң апайлар!
Кіріспе әңгіме
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Әуеде ақ мамық
Қабалақтап ұшады,
Қанаты жоқ талып
Жерді барып құшады .
Қар Ол не балалар ?
Қар Ендеше қар жылдың қай мезгілінде жауады?Қыс мезгілінде қар жауады Қардың түсі қандай болады?
Қардың түсі ақ болады,Ұлпа ,жұп -жұмсақ ,мамықтай болады.
Балалар ,аязды күні қарды басып жүрсең қандай дыбыс шығады?
Сықыр- сықыр ,қырт- қырт
Қыста қандай ойындар ойналады?
Шанамен сырғанаймыз, Коньки тебеміз, Қардан аққала жасаймыз.
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Аяз,суық ,жер тайғақ.
Бізқыста қандай киімдер киеміз ?
Жылы киінеміз ,үстімізге қалың куртка, пальто,басымызға бас киім,қолымызға қолғап киеміз,аяғымызға қалың етік.
Сурет бойынша әңгіме
1.Мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген ?
2.Мұнда балалар не істеп жүр ?
3.Қандай ойындар ойнап жүр ?
4.Үстілеріне қандай киім киген ?
Слайд :”Қыстық киім түрлері “
Қолғаптар :1.Қалың теріден тігілген ұлдардың қолғабы.
2.Қыздардың ұзын сәндік үлгідегі қолғабы.
3.Спорттық қолғап.
2.Тон:Аң терісінен тігілген қыздардың тон-ішік.3.Шуба:Аң терісінен тігілген, қалың ,жылы сәнді.4.Куртка: Су,суық өткізбейтін ,жағасы бар қыздардың әдемі курткасы. 5.Шуба:Аң терісінен тігілген шуба.6.Спорттық су өткізбейтін киім. 7 .Аяқ киім:Қыздарға арналған теріден тігілген ,жылы аяқ киім. 8.Пима:Кейінгі үлгіде тігілген табаны қалың жылы пима. Етік -Аң терісінен тігілген сәнді етік. Ұзын етік қыздарға арналған. Қысқа бәтінке ұлдарға арналған теріден тігілген.9. Бас киім:Қойдың жүнінен тоқылған қыздарға арналған . Тұмақ : Қыздардың аң терісінен тігілген,сырты үлпілдек жүнен көмкеріліп тігілген бас киімі. 10.Көйлек-Қой жүнінен тоқылған қыздардың әдемі көйлегі.
Дидактикалық ойын: “Сыңарын тап “
Осы киімдерге байланысты кім жұмбақтар, тақпақтар, санамақтар, тиым сөздер біледі.
Жұмбақтар
1.Түзде адымдайды
Үйде дамылдайды
Дәлізге жұрт тастайды
Төрге аяқ баспайды (сыртқа киетін аяқ киім ) Али.Н2.Маңдайы бар тілі жоқ
Құлағы бар үні жоқ (құлақшын ) Рашида
3.Қос қолға киемін
Жып жылы жүремін (Қолғап ) Дилинура
4.Күндіз төбеге шығады
Түнде шегеге шығады (Бөрік ) Ибрахим
5.Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім (Шалбар ) Нурсила
Тиым сөздер
1.Бас киімді теріс киюге, лақтыруға болмайды. Абылай
2.Киімнің жағасын басуға болмайды. Нурсила
3.Аяқ киімді,төңкеріп теріс киюге болмайды. Нұршат
4.Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Али.Ж
Санамақ
1-дегенім бөрік
Кисең бойға көрік.
2-дегенім етік
Киер сәнді етіп.
3-Дегенім ішік
Теріден тігер пішіп.
4-Дегенім тымақ
Қыста кисең жылы-ақ.
5-Дегенім байпақ
Іші жылы тайпақ. Абылай
Тақпақтар
Жоғалыпты қолғабым
Тыз- тыз етіп қолдарым,
Сорып аяз тастады
Естен кетпес тонғаным. Назым
Қандай суық қыс деген Қалтырайды құс деген Құлақшынды кимесең Құлағыңнан тістеген . Имран
Сергіту сәті:(Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды )Қыстық киімдер: Қыстың суық күнінде Он саусағым майысып Басым тоңбай жүрсін деп Екі қолым жарысып Құлағымда тоңба деп Қолғаптарды киіп- ап, Құлақшынды киемін Аққаланы жасаймын Аязға мен тоңбаймын Аяқтарым жарыса, Қалың киім киемін Киді етік шалбарды Қалың жейде жылы- тон Шанаменнен сырғанап Шалманды да тағамынОй мен қырға аязда.
Көрме: Балалар мен сендерді қыстық киімдер көрмесіне шақырамын( балалар пойызға отырып топтан шығып,музыка әуенімен екінші есіктен кіреді)
Ережелерді есте сақтау
1.Көрмеге барғанда ондағы заттарды қолымызбен ұстамаймыз.
2.Бір- бірімізді итермейміз.
3.Айқайлап бір- бірімізбен жарысып сөйлемемейміз.
Міне балалар сендер көрмеден әр түрлі қыстық киімдердің түрлерін көріп тұрсыңдар.
Балалар көрмеден көрген киімдердің атын атайды ,берілген сұрақтарға жауап береді.
Балалар осы киімдерді ойлап табатын адамды” дизайнер”- дейді
Ал тігетін адамды” тігінші”- дейді.
Мода көрсететін адамдар” сәнгерлер”- деп атайды.
Мен сендерді екі топқа бөлгім келіп тұр. Ойындар:
Бірінші топпен” Кім жылдам”-деген ойын ойнаймыз ,Ал еккінші топ“сәнгерлер” ойынын ойнайды.
Дидактикалық ойын: “Кім жылдам “Ойынның шарты:Екі бала ортаға шығып жемпірлерінің түймесін түймейлеп жарысады ,кім бірінші түймейлесе сол жеңімпаз болады.
Мазмұнды рольді ойын:”Сәнгерлер “
Шарты:Балалар қыстық киімдер киіп мода көрсетеді.
Қортындылау.
Иә балалар бүгін сендер қыстық киімдер туралы тақпақтар
тиым сөздер,санамақ, жұмбақтар көп біледі екенсіңдер.маған сендер ұнадыңдар,Сәнгерлер әдемі сәндік киімдер көрсетті.Берілген сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер .Сол үшін мен сендерге кішкене силық бергім келіп тұр.(Сыйлықтарды таратамын әр балаға)
Осымен біздің оқу іс- әрекетіміз аяқталды .
Тақырыбы:”Қыстық киімдер “
1.Назым-Қыстық әдемі спорттық киім,іші жылы жүнен қапталған,Сырты су және суық ауа өткізбейтін балонды матамен қапталған сәнді спорттық киім.
2.Ибрахим-Аңның терісінен тігілген жылы малақай. Іші жылы жүнмен қапталған сырты су және суық ауа өткізбейтін балонды матамен қапталған ер балалардың қыстық курткасы.
3.Нұрсила-Жылы әрі жұмсақ сәнді жамылғы. Аңның терісінен сәнді етіп тігілген ,сырты қоян терісінен сәнделген қыздардың ,қыстық аяқ киімі.
4.Едіге-Ер балаларға сәнді етіп жүннен тоқылған тоқыма баскиім. Аңның терісінен тігілген ,табан қалыңдатылған ер балаларға арналған сәнді бәтінке.
5.Дилинура– Кеудеше қойдың жүнінен тоқылған ұзын сәнді кеудеше.
6.Имран-әдемі сәнді ауыстырмалы,кейінгі үлгіде тігілген қолғап.Ұлдарға арналған ұзын қонышты сәнді етік.
7.Айдана-Балонды мата және аң терісінен үйлестіріліп тігілген жылы сәнді қыстық пальто. Жүннен тоқылған қыстық жылы сәнді бас киім.
8.Дархан-Қыстық әдемі спорттық киім,іші жылы жүнмен қапталған ,сырты су,және суық ауа өткізбейтін,балонды матамен қапталған,сәнді спорттық киім.
9.Cумия-Жағасы алынбалы ,салынбалы,қоян терісімен көмкерілген іші жылы күздік және қыстық мезгілге арналған плащ ,польто.
10.Азим-Іші жылы матамен көмкерілген қыстық сәнді шалбар. Жүнен тоқылған бес саусақты ер балалар қолғабы.
11.Рашида– Аңның терісінен тігілген қалың жылы қыздарға арналған сәнді шуба.
12.Абылай-Түйе жүнінен өрнектеліп тоқылған ,қалың жылы ер балалар кеудешесі. Киізден тығыздалып жасалған кейінгі сәндік үлгідегі сыдырмалы пима.
13.Амир-Сиыр терісінен иленіп дайындалған,іші матамен көмкеріліп тігілген тон мен бас киім