Менің көзқарасыма әсер еткен кітап

Рахман Аружан Бауыржанқызы

«Менің көзқарасыма әсер еткен кітап»

Кітап- әрбір адам үшін асыл қазына. Кітап тіл байлығын дамытып, қалыптастыратын көмекші құрал, әрі адамның досы. Қандай да болсын кино, фильм тағы да басқа кітап оқығандағы эмоцияны, ерекше сезімдерді бермейді дер едім. Тіпті кітап мотивы бойынша түсірілген туындылар басты кейіпкерлердің мұңын, қуанышын, бастан кешкен оқиғасын толық сипаттап, ерекше түрде жеткізе алмайды. Адам кітап оқып отырғанда мына өмірге, ғаламға деген ойы өзгеріп, көзқарасы басқаша бола бастайды. Автордың жеткізбек ойын жан-тәнімен сезіне білудің өзі керемет.

Айтып кеткенімдей, кітап әрбір адамның өмірінде ерекше орын алатын асыл қазына. Дәл солай менің де өмірімде кітаптің алатын орны тым бөлек. Кітап оқыған сайын өмірге деген қызығушылығым артып, мына дүниеге басқаша көзқараспен қараймын. Кітаптың сан түрін оқысамда, ерекше шабытымды ашатын, шытырман оқиғаларға толы романдарды оқығанды жаным сүйеді. Сол шығармалардың бірі махаббат тақырыбында жазылған Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты роман-эпопеясы. Романның алғашқы беттерін оқығаннан бастап жеке әлемге кіріп кеткен сезімде болдым. Кей жерінде күліп те жылап та алдым. Кейіпкерлердің мұңын бірге шертіп, қуаныштарын бөліскендей болдым десем де қателеспеймін. Ешбір кітаппен салыстыра алмайтын туындылардың бірі, себебі «Махаббат қызық мол жылдар» кіршіксіз, екі адамның бір-біріне деген махаббаты мен сыйластығы өршіп тұрған эпопея. Бұл туындының шыққанына 50 жылдан асса да, дәл қазіргі заманға сай туынды секілді.. Махаббаттың дәмін сезінген, сезінбеген адамдар да кітаптың сюжетін жеңіл түсінеді.

Романдағы басты кейіпкерлер Ербол мен Меңтайдың образы керемет суреттеліп, оқырманның көзінше оттай басылады. Меңтайдың көркем мінезділігі, Ерболдың қазақтың нағыз ержігіті екендігі сезіліп тұрды. Шығармада осы екі жанның бір-біріне деген сезімі, олардың мұңы мен қайғысы суреттеле отыра, Ербол мен Меңтай арасындағы пәк махаббатқа қаяу келтірген адамдардың іс-әрекеті де бейнеленеді. Меңтайдың қандай жағдайда болмасын, барлығын қабылдап, жақсы көруін тоқтатпаған Ерболдың адамгершілігі оқырманның жүрегін елжіретеді. Кейіпкерлердің басынан өткен жағдайларын сезіне отырып, өз басымнан өткізгендей болдым. Сол себепті де осы кітап өмірімде ерекше орын алатын туынды.

Қорыта келгенде, талғамы жоғары кітап сүйер қауымға осы туындыны оқуға кеңес берер едім.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *