Су тіршілік – нәрі

Мусаева Асия Несипбековна

Білім  беру  саласы:  «Әлеуметтік  орта»

Оқу  іс-әрекеті:  «Қоршаған  ортамен  таныстыру»

Тақырыбы:  «Су  тіршілік-  нәрі»

Мақсаты: Балалардың   жанды  және  жансыз  табиғат  жайлы  түсініктерін қалыптастыру.  Су  туралы  мағлұмат беру.  Тәжірибе жасау арқылы судың  құрамымен  таныстыру (түсі, исі, дәмі, қасиеті).  Балалардың есту, көру, ойлау,сылап сипау сезімдерін  қалыптастыру.Табиғатқа  деген  сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын  ояту. Табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге  және  оған қамқор бола білуге  тәрбиелеу. Суды үнемдеуге үйрету. Ертегіні сахналауды ертегі кейіпкерлерінің  сөздерін  мәнерлі айтуға дағдыландыру.  Сөздік қорларын толықтыру.

Әдіс  тәсілдер:   Сұрақ-жауап,  өлең, тақпақтар, жұмбақ,    сахналау тәжірибе  жасау,  түсіндіру.

Полингвальді компонент.  Табиғат-природа- nature, су-вода-water,

Жаңбыр-дождь-rain, ағаш дерево-tree,

күн-солнце-san, жел-ветер-wind,

торғай –воробей-sparrow,   гүл- цвет-flowes

Көрнекіліктер:   Су,  мұз, тәрелке, т-түсті бояулар, қылқалам,

стакан, шәйнек, губка, атрибуттар.

Сөздік  жұмыс:  Сұйық,   қышқыл,тәтті.

Коррекциялық мақсаты.    Заттарды кезең –кезеңімен зерттеу,олардың негізгі белгілерін талдауға үйрету. Көру,сезу есте сақтау қабілеттерін, саусақ моторикасын дамыту.

 

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын,

Көкке  шуақ  шашылсын.

Құтты  қонақ  келіпті

Төрімізге  еніпті

Амандасу  үлкенге,

Тәрбиенің  басы  ғой.

Сәлеметсіздер ме,

қонақтар ?

Біздерге хош келдіңіздер

Тәрбиеші:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Далада ауа –райы қалай?

Балалар табиғат қаншаға бөлінеді екен?

Тірі табиғатты-жанды табиғат деп,

Өлі табиғатты-жансыз табиғат деп, атайды екенбіз.

Жанды табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Жануарлар, гүлдер, ағаштар.

Тәрбиеші: Жансыз  табиғатқа ше?

Балалар: Қар, су, жаңбыр, күн.

Тәрбиеші: Қане  балалар,  барлығымыз  мына  жұмбақты шешіп  көрейікші.

 

Жұмбақ.

 

1   Жылт-жылт еткен,

Жылғадан  өткен.

Бұл  не?(Су)

 

2   Аспаннан  домалап , көп

моншақ      төгілді.

Бұл  не? (Жаңбыр)

 

Тәрбиеші: Балалар судың даусын естігілерің келе ме?

1.Мыны дыбыстың тыңдаңдаршы қандай дыбыс?

Балалар: Краннан аққан судың дыбысы.

  1. Ал мына дыбыс ненің дыбысы?

Балалар: Судың дыбысы.

3.Ал мына дыбыс ненің дыбысы?

Балалар: Жаңбырдың дыбысы.

  1. Ал мына дыбыс ше?

Балалар: Теңіздегі судың дыбысы.

 

Тәрбиеші:Ал  балалар,  бүгін  біз «Су  тіршілікнәрі»  атты  оқу  іс-әрекетімізді  бастайық.Су  туралы  біз  қандай тақпақтар білеміз?Кәне кім айтады?

Бала.  Кәусар.

Сылдыр-сылдыр,сылдыр  су

Сылдыр  суға  бетіңді  жу.

Жуынсаң  сен  әрдайым,

Аппақ  бетің  маңдайың.

 

Тәрбиеші: Кім маған су туралы  тиым сөздер айтып  береді?

Балалар:

1.Суға  түкірме.

2.Суды  ластама.

3.Судың  да  сұрауы  бар.

 

Тірбиеші: Балалар қазір біз  су кімге не үшін керек екенін ертегіні сахналау арқылы көрсетейік.

Ерте,  ерте,  ертеде  су  болмай  ағаштар  қурап,  гүлдер  солып  қалыпты. Қалжыраған  торғай  ағаштарға  келіп  көмек  сұрайды.

 

Торғай:

Ағаштар,  ағаштар,  маған  көмектесіңдерші

Маған  су  керек,  шөлдеп  барамын

Суууу……

Ағаш:

Бізде  қайдан  су  болсын,  өзімізде  шөлдеп  тұрмыз.  Суды  анау  гүлдерден  сүрап  көр….

Тәрбиеші: Сөйтіп  торғай  гүлдерге  келіп  ақыл   сұрайды.

Торғай.

Гүлдер,  гүлдер  әсем  гүлдер, маған  көмектесіңдерші

Маған  су  керек  суууу…..

Гүл.

Бізде  қайдан  су  болсын, Өзіміз  де  шөлдеп  тұрмыз.Суды  анау желден  сұрап  көр……

Тәрбиеші:  Қатты  шөлдеген  торғай  желге  кеп,  ақыл  сұрайды.

Торғай:

Жел, жел,  маған  көмектесші

Маған  су  керек,  қатты  шөлдеп  тұрмын….

Жел.(  Үнтаспадан)

Менде  қайдан  су  болсын

Суды  анау  күннен  сұра,торғайжан.

 

Тәрбиеші:Әбден  шаршаған  торғай  ақыры  кунге  келіп:

Торғай.

Күн,  күн  маған  көмектесші

Маған  су  керек,су  керек,  қатты  шолдеп  барам….

Жердің  беті  құрғап  кетті,

Өсімдіктер де  шөлдеп  кетті,

Бізге  жауын  керек…

 

Тәрбиеші:Деп  торғай  табиғатта  болып  жатқан  жағдайды  айтты.

Күн.  Мұңайма,Торғайжан,  мен  саған  көмектесейін.

Тәрбиеші: Сол  кезде  Күн  жердегі  ағып  жатқан  суларды  қыздырып  жіберді.Су  буға  айналып, аспанға  қайта  көтеріледі  де,бу  бұлтқа  айналады.Бұлтты  жел  қуалап  су  түйіршіктері  жерге  жаңбыр  болып  жауады.  Жаңбырдан  кейін  өсімдіктер,құстар  рахатқа  батып,ризашылықтарын  білдіреді.

Сонан  соң  жер  беті  құлпырып,түрлі  түске  боялады.

 

Коррекциялық  жаттығулар.

Тәрбиеші: Ал балалар экранның алдына келіп көзімізге жаттығу жасаймыз.

Балалар сендердің оқымысты ғалым болғыларың келе ма?

Ғалымдар қайда жұмыс жасайды?

Олай болса біз де зертханамызға барып тәжірибе жасап корейік.

Біз бүгін озімізді ғалым деп есептейік.

Кәне зертханаға барып орнымызға отырайық (балалар орындарына барып халаттарын киіп отырады).

 

Билингвальді компонент:

су-вода-water,

жаңбыр-дождь- rain,

ағаш-дерево-tree,

күн-солнце-san,

жел-ветер-wind,

 

Тәрбиеші: Ал балалар тәжірибемізді бастайық.

 

Тәжірибе :

Судың   түсін  ажырату.

Тәрбиеші: Стаканға  су  құямыз да қасықты саламыз. Қасық  көріне  ме?

Судың,  түсі  қандай?

Балалар: Түсі мөлдір.

Тәрбиеші: Судың түсін көзбен көрдіңдер.

Судың исін ажырату

Тәрбиеші: Ал  енді  суды   иіскеп  көрелік. Иісі  бар  ма?

Балалар: Иісі жоқ.

Тәрбиеші: Судың исін мұрындарыңмен сездіңдер.

Дәмін ажырату

Тәрбиеші: Дәмін  көрелік. Дәмі  қандай  екен?

Балалар: Дәмі жоқ.

Тәрбиеші: Ал  судың  дәмін   өзгерткілерің  келе  ме?

Қант  қосып  араластырамыз  да  ішіп  көреміз.Дәмі  қандай  екен?

Балалар: Дәмі тәтті.

 

Тәрбиеші: Енді  лимон  қосып  иіскеп  дәмін  көреміз.Қандай  өзгерістер  болды?

Балалар: Дәмі қышқыл болды.

 

Судың қасиетін ажырату.

Тәрбиеші: Ал  айтыңдаршы,  су  қатты  ма,  сұйық  па?

Балалар: Сұйық.

Тәрбиеші: Суда пішін бола ма?

Балалар: Жоқ болмайды.

Тәрбиеші: Ал балалар мынау не?Мұз қайдан пайда болды?

Балалар: Суды суық жерге қойса қатып қалды.

Тәрбиеші: Ал мына кайнаған шайнектен не шығып жатыр?

Балалар: Бу шығып жатыр.

Міне балалар суда үш түрлі қасиет бар екен.

Сүйық, қатты, бу.

 

Сергіту жаттығулары.

Күн шықты күн шықты

Жел тұрды ,жел тұрды.

Аспанды бұлт жапты

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Найзағай ойнады шарт-шарт

Біз бұға қалдық

Күн шықты күн шықты

Алақай алақай біз қуандық

 

Тәрбиеші: Ал,  балаларр  судың  түсін  өзгерткілерің  келе ме?

Олай болса алдымыздағы бояуға қылқаламды матырып суға салып араластырамыз

Суымыз  қандай   түске  боялды? (балалар әр түрлі түстерді атайды).

 

Тәжірибе

 

Тәрбиеші: Ал  енді  жауынның  қалай  жауатынын  көрсетейік.

Алдарында  не  тұр?

Балалар: Су қүйылған тарелка, губка.

Тәрбиеші: Енді  осы  губканы  суға  батырып,  ақырын  сығамыз.Нені  байқадыңдар?

Балалар: Су тамшыларын.

Тәрбиеші: Міне  осындай  су  тамшылары  бізге жауын  болып  жауады.

Бүгінгі сабақта  біз  су  туралы  тереңірек  білдік,  тәжірибе  жасадық.

Су  бізге  не  үшін  керек  екен?

 

Тәрбиеші: «Судың  да  сұрауы  бар»-деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Балалар: Суды әрқашанда үнемдеу керек. Бостан босқа суды ағызуға болмайды.

Тәрбиеші: «Су  тіршілік  нәрі»  атты  оқу  іс-әрекетімізді  аяқтаймаймыз.

«Жылы жүрек жақсы тілек»  деп қонақтармен қош айтысып  жақсы тілектерімізді айтамыз

Күтілетін  нәтиже:

Нені білуі  керек:Су  табиғаттың  баға  жетпес  байлығы  екенін, суды үнемдеп  жұмсауды, сусыз тіршілік жоқ екенін.

Нені игерді:Тәжірибе  жасау арқылы судың қасиетін, түсін, дәмін  исін   ажырата білуді,бастаған ісін аяғына жеткізуді.

 Нені білді.Судың табиғатта алатын орнын ертегі арқылы сахналаудыүйренді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *