21 ғасырдағы Журналистика және оның әлеуметтік маңызы
Шамшат Бекарыс
21 ғасырдағы журналистика жыл сайын,заман талабына сай көптеген өзгерістерге тап болып отыратын сала. Оның басты қоғамға деген атқаратын қызметі; адамдардыкүнделікті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру болып табылады. Дәстүрлі журналистика бастауын 17 ғасырда алған соң, бастапқыда бұқаралық ақпарат құралдары сияқты түсінік тіпті болмады. Демек жаңалықтардың бәрі қаламмен қағазға түсіріліп, халық арасында таралып отырды. Медиадағы ақпаратты жеткізу, технологияның дамуына қарай өзгешеленіп отыратыны бізге белгілі.Қазақстанның бүгінгі жаңалықтары онлайн порталдарда сағат сайын жарық көріп отырады. Адамдарға қазір ақпаратты мобильдік смартфондардан лезде бақылап, танысу қолжетімді. Әлеуметтік медианың пайда болуымен журналистиканың рөлі ерекше өзекті бола бастады. Бүгінгі таңда журналистер ақпараттың тез таралуына және оның бұқаралық аудиторияға қол жетімділігіне жауапты. Алайда, барлық өзгерістерге қарамастан, журналистиканың әлеуметтік маңызы әрдайым жоғары болып қала береді.
Дамыған қоғамда адамдар жаңалықтарды ауадай қажет етеді, бұл саланың өзектілігін арттырып, бәсекелестік тудырады. Қалтқысыз халқыңа қызмет етіп, қаламымен із қалдырып отыратын бұл саланың мамандарына қойылатын талаптар ауықымды. Қазіргі журналистер ақпарат ағындарындағы, жалған жаңалықтарға және ақпаратты манипуляциялауға байланысты көптеген қиындықтарға тап болады. Сондықтан журналистердің қоғамдағы рөлі маңызды бола түсуде. Олардан тек ақпарат беру ғана емес, сонымен қатар ақпараттың дұрыстығын тексеріп, манипуляцияны әшкерелейтін талдаушылар болуы талап етіледі. Журналистер қоғамдық пікірді қалыптастыруда және маңызды шешімдер қабылдауда шешуші рөл атқаратын естен шығармауымыз қажет. Осы орайда саржағал баспасөзге айналып, бұқаралық ақпарат көздеріне сараптамадан өтпеген, жалған ақпаратты тарататың маман болмау керек. Міне осы талапқа көздерін жұматын мамандардың кесірінен халық арасында тексерілмеген фактілерге құмаршылық оянады.
Дегенмен, бұл мәселенің де туындау көзі бар екенін естен шығармаған әбден абзал. 21 ғасырдағы журналистика жалған жаңалықтар, цензура және билік тарапынан қысым сияқты қиындықтарға тап болды. Міне сондықтан да ақпараттың шамадан тыс жүктелуі мен бәсекелестік жағдайында журналистер кейде сенсационализмге және аудиторияның назарын аудару үшін фактілерді бұрмалауға бейім. Мұндай тәжірибелер қоғамның журналист мамандығына деген сеніміне нұқсан келтіреді және демократия мен сөз бостандығына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан журналистиканың қоғам алдында тәуелсіз, объективті және жауапты болып қалуы маңызды.
Журналистиканың әлеуметтік маңызына тоқталсақ, ол – мемлекеттік органдар мен жеке компаниялар қызметінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Демек таплынатын журналистердің тергеуінің арқасында көптеген жемқорлар мен қылмыскерлер әділеттілікке тап болады. Журналистер қоғамға олардың құқықтары мен бостандықтарын еске түсіре отырып, демократия мен адам құқықтарының қорғаушысы ретінде әрекет ететін абыройлы мамандар. Саланың тағы да бір әлеуметтік маңызы– адамдардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастыруда да көрінеді. Сапалы журналистиканың көмегімен ақпарат алушылардың дүниетанымы мен сеніміне әсер ете отырып, қоғамның білім және мәдениетінің деңгейін арттыруға болады. Журналистер әртүрлі әлеуметтік-мәдени топтардың интеграциясына, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті мәселелері мен сын-қатерлері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға тікелей ықпал етеді. Заманның өзгеруіне байланысты көпшілікте дәстүрлі журналистика өзектілігінің төмендеуі жайында ой қалыптаса бастаған. Не дегенмен әрбір саласының кем тұстары да артықшылықтарымен қос жүретіні айқын.
Тақырыпқа қайта оралатын болсақ, 21 ғасырда журналистиканың сапасы мен этикасын жақсарту үшін журналистердің кәсіби білімі мен жан-жақтылығын жетілдіру қажет. Халықтың медиа сауаттылығын дамыту да осы саланың мамандарына табысталатын жұмыс деп есептеу керек.Сондай-ақ тәуелсіз журналистиканы қолдау және журналистерге кәсіби қызметін еркін орындауға мүмкіндік беру бұл саланың жаңғырып дамуына әкеледі. Саланың жаңғыруымен, негізделген шешімдер қабылдауға дайын, дамуға қабілетті ақпараттандырылған қоғамға жағдай жасауға болады. Тек осылай ғана 21 ғасырда журналистиканың әлеуметтік маңыздылығын қамтамасыз етіп, оған жаңа тыныс ашуға болады.
Сөзімді қорытындылай келе, 21 ғасырдағы журналистика ақпараттық кеңістіктегімаңызды және ықпалды құралдардың бірі болып қала береді. Оның әлеуметтік маңыздылығы сөзсіз, өйткені ол қоғамдық пікірді қалыптастыруға, мемлекет пен бизнестің қызметінде ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың мәдени деңгейі мен дүниетанымын арттыруға ықпал етеді. Қазіргі журналистер жаңа міндеттер мен қиындықтарға тап болады, бірақ олардың қоғамдағы рөлі баға жетпес болып қала береді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718