Тәрбие басы-тал бесік

Тұлға дамуында ең маңызды орын алатын ол әрине – ата-ана тәрбиесі. Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы жеке тұлғаның қалыптасуына, мінез-құлқының тұрақталуына біршама әсер етеді. Сондай-ақ, бала отбасында қоғамдағы қалыпты өмірге қажетті өзіндік нақты ұстанымдар мен өзін-өзі ұстай білу қабілеттерін қалыптастырады.
Бүгінгі ақпараттар ағынының толассыз дамылдаған уақытында балаға дұрыс әрі сапалы тәрбие беру аса маңызды болып саналады. Бүгінгі күні балалардың бойына ежелден қалыптасқан халқымыздың тәлімін, даналығын сіңіру арқылы олардың толыққанды жетілуіне ат салыса аламыз. Алайда, осы бір кезекте «Бұрынғы мен бүгінгінің, ескі мен жаңаның арасын жалғай отырып, технология мен ғылым қарыштап дамыған қоғамда баланы қалай тәрбиелеуге болады?» деген сауал туындайды. Қазіргі таңда осы бір түйіткілі көп сұрақ көптеген жанды алаңдатып жүр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртөре Жүсіп: «Бүгінгі күні баланы тәк-тәк емес, Тик-ток тәрбиелеп жатыр» деп өз алаңдаушылығын білдіріп еді. Расында, дәстүрдің озығын пайдалана отырып, қоғамдық жетістіктерге сүйеніп, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру – өзекті проблемаға айналды.
Рас, қазір көп ата-ананың күнбе-күнгі тірліктен қолдары босай қоймайды. Ұл-қызымен емен-жарқын әңгімелесіп, сырласуға да уақыты тапшы. Солай екен деп, халық тәлімі мен отбасы тәрбиесі тегершіктерін босаңсытуымызға әсте болмайды. Балаға жөргегінде жатқанынан бастап жөндеп тәрбие беруге ден қоятын мезгіл жеткен тәрізді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *