Ана тіл
Ана тіл-әрбір елдің ең басты,басқа ұлттан айшықтап тұратын ең маңызды құралы.Әрбір мемлекет даму үшін,бар болу үшін белгілі бір қағидалар болады.Мысалы:тіл,мәдениет,тарих,әдет-ғұрып,салт-дәстүр т.б.Бұл қағидалар арқылы біз мемлекет жайлы ақпарат ала аламыз.Ал ана тілін қастерлеу-кез-келген азаматтың борышы.Ата-бабаларамыздың жан аямай төккен қандары мен еңбегі нәтижесінде біз жер бетінен жойылмай,өз қалпымызды сақтап қалдық.Ата-бабамыздың үмітін ақтайтын дәл біз,болашақ ұрпақ.Өкінішке орай өз ана тілін білмейтін адамдар бар.Бұл кез-келген ұлтқа үлкен қасірет.Себебі,бұл тілде сен сөйлемегенде басқа ұлт азаматы келіп,сенің тіліңді ұлықтамайды.”Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте”деп бекер айтпаған.Яғни,тіл білу ол білім,ал өз ана тіліңді білмеу үлкен қате.Сол себепті күнделікті өмірде,іні-сіңілімізге,әлеуметтік желіде қазақ тілін дамытып,қастерлеген жөн.Осылайша біз ата-бабамыздың сан мың жылғы үмітін ақтап,олар қалағандай бай қуатты елге айналамыз.Әлемді өзгертемін десең өзіңнен баста демекші,ана тілімізді ұмытпай,қадірлейік.