Мен таңдаған мамандық
Оразхан Аяулым
Сәлем,осыны оқып отырған жас түлек.
Менің есімім Аяулым,2024ші жылғы түлекпін.Бүгін мен ең өзекті және керекті мәселе туралы айтқым келеді.
Әр адамның өмірінде ең маңызды шешімдердің бірі-мамандық таңдау.
Мамандық таңдаудан қателеспеу керектігі туралы нақыл сөздерде бар.
Менің берер кеңесім бұл тек өзіңді тыңдау.Өзің кім болғың келеді,өзіңді қай мамандық иесі ретінде көре аласың?соны ойлану керек.
Бұл мамандық сенің наның десем артық емес.
Өз қалаған мамандығыңа түсу үшін барынша тырысу қажет.Есесіне ертеңгі күні өзіңе ұнайтын мамандықпен,өзің сүйіп тұрған мамандықпен рахаттана жұмыс істейсің.
Ал енді менің мамандығыма келетін болсам-Журналистика.
Журналистика-баспасөз,радио,теледидар арқылы елдегі өзекті мәселені зерттейтін,жеткізетін сала.
Неге дәл журналистика?
Себебі,неге журналистика емес? Журналист болу арман десем артық емес.
Мен үшін халыққа пайдамның тигені бірінші орында.
Мен болашақта керемет журналист болып барлық өзекті мәселені көтергім келеді.Өз жұмысыма адал болып істегім келеді,дәл бала кезде армандағанымдай.
Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл мамандық қай кез болмасын өз құндылығын жоғалтпайды.