Биология-тіршілік тарихы

Кенжебек Гүлжан

Биология -көне грекше өмір және ғылым деген мағынаны беретін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетідуін, эволюция мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Осыған орай, Қытайдың ұлы ойшылы Конфуциий «Тіршілік бір бастамадан шығып, бірте-бірте тарамдалып, таралу нәтижесінде дамыды» деген пікір айтқан. Бұдан түйетін ой: Биология-бұл тек тіршілік туралы ғылым ғана емес. Ол біздің тарихымыз. Өйткені, біз тірі дүниенің бір бөлігіміз.

Тарихтың атасы Герадот болса, биологияның атасы Ламарк Жан Батист Пьер Антуан Де Моне Шевалье. Аты-жөні қалай ұзақ болса, биология саласындағы еңбегіде соған сай. Дәл осы кісі алғаш рет 1802 жылы «Биология» терминін ғылым саласына енгізген еді. Оған қоса ол ең алғаш эволюция теориясының «Ламаркизм» негізін де қалаған. Ламарк алғаш рет 1794 жылы жануарларды омырқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, «омыртқасыздар» ұғымын енгізді. Ол бірінші болып буылтық құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялап,т.б еңбектеріде ғылым сахнасынан үлкен белестерге жетті. Байқағанымыздай, Ламарк дегенде еститініміз «ең алғаш» сөзі. Міне сондықтан да, Ламарк «биология атасы» болып ел жадында мәңгі сақталған.

«…Біз табиғаттың қалай жұмыс істейтінін және табиғи құбылыстардың қалай пайда болатынын біліп қана қоймай, мүмкіндігінше мақсатқа жетуді, табиғаттың неге басқа емес, тура осындай болуын зерттеп, білгіміз келеді. Осы сұрақтар жауабын табуға қаншама адамдар зеттеуге шыңдалып,ғылым жолына қанат қағады »деп Альберт Эйнштейн айтып кеткен. Яғни, биология ғылымы тіршіліктің неге тура осындай болып жаратылғанына және қаншама ғасырлық адамзат сұрақтарының жуабы болып табылатын білім көзі. Сондықтан да биология-тіршілік тарихы.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *