Бөлме өсімдігі-бонсай

Кенжебек Гүлжан

Әлемдегі ең қызық өнермен өсірілетін бөлме өсімдігін білесіз бе? Ол ағаш екен. Бірақ, жай ағаш емес. Арнайы «бонсай» өнерімен өсірілген ағаш. Бонсай-жапон халқының өсімдіктерді кішірейтіп өсіру өнері. Жапон халқы қарағай, шырша, ақ қайың, арша және т.б ағаштарды қыш құмыраға отырғызып, бойын ұзатпай, бірақ ересек ағаштың қасиеттерін көрініс беретіндей ерекше тәсілмен баптап өсіреді. Ондай ағаштардың бойы 25 см-ден 1 метірге дейін жетеді.

Қызық дерек: жапон тілінен аударғанда «бонсай» «табаққа отырғызылған» деген мағынаны білдіреді. Бонсайдың алғашқы көрмесі 1914 жылы Токиода өтті. ХХІ ғасырға дейін бонсай туралы әлемнің 26 тілінде 1200-ден астам кітап жазылды. Қазіргі таңда бонсайды өсірудің ресми 12 түрі бар.

Негізі, үйдегі бонсай иелеріне дұрыс шешім қабылдауға және қателіктерден аулақ болуға көмектеседі деген сенім бар. Оның тағы бір ерекшелігі ол жамандықты тез сезіп қойып, соған қатты қайғырып, ауырып қалуы. Оған дәлел : Жапонияда өсетін, әлемдегі ең көне бонсай. Ол қазірдің өзінде 500 жастан асқан. Сирек кездесетін өсімдікті оны отырғызған билеушінің атымен «үшінші буын Токугава қарағайы» деп атайды. Бірақ, өсімдік Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ауырып, қалпына келе алмай жатыр екен.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *