Әлеуметтік желінің әлеуеті.
Айқынбай Аймекен Иран-Ғайыпқызы.
21 ғасыр технологияның дамыған заманы. Ал қолымыздағы күнделікті пайдаланатын ұялы телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны рас. Ұялы телефонмен кез келген шаруамызды жылдам әрі өзімізге қолайлы уақытта бітіре алғандықтан, күніміздің ұзақ уақытын ұялы телефонға телмірумен өткіземіз. Қолымыз босай қалса, барлығымыз әлеуметтік желінің жетегіне еріп, онда не болып жатқанын бақылаймыз. Жалпы “әлеуметтік желі” дегеніміз не?
Әлеуметтік желі- ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау және уақыт үнемдеу құралы. Статистикаға сәйкес әлемде 7миллиард адам болса оның 3,5 миллиарды күн ұзаққа ғаламторға телміріп отырады екен. Бұл бүгінгі қоғамның әлеуметтік желінің жетегінде кеткенін растайды. Иә, әлеуметтік желі адам өмірін әлдеқайда жеңілдететіні бәрімізге мәлім. Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға пайдасы зор. Өз бизнесіңді дамытуға, сатып алушы клиенттерді тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, кітаптарыңызды әлеуметтік желіні пайдаланушыларға ұсынып, сатып алушы оқырмандар табуыңызға болады. Қазіргі таңда әлеуметтік желінің арқасында кез келген нәрсе әрбір адам үшін қолжетімді. Халықтық басым көпшілігі әлеуметтік желіні қазір не үшін пайдаланатынын білесіз бе? Ендеше мына деректерге көз жүгіртейік.
1. Кино көру үшін
2. Онлайн ойын ойнау үшін
3. Сауда жасау үшін
4. Білім алу және пайдалы ақпараттармен бөлісу үшін.
Әлеуметтік желінің зардабы. Дәрігерлердің айтуы бойынша, телефонды шамадан тыс пайдаланудың соңы бас пен арқаның ауруына, ұйқының бұзылуына, сондай-ақ асқазан ішек жолдары ауруларының туындауына әкеліп соғады.. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны қатар жүреді. Сол себепті ұялы телефонды қаншалықты керек жарақтарымызға пайдаланғанмен, оның адам өміріне төндіретін қауіпінде ұмытпағанымыз жөн.Сондықтан денсаулықтарыңызды күтіп, уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар.