Қоқыстың көбеюі- бүгінгі күнін жетістігі ме әлде жеңілісіме?

 

Күнделікті өмірде қоқыс тастауымыз әдеттегі іс әрекетімізге айналған. Былайша айтқанда «Ритуал» десем де болады. Қоқыстын көптігі күнделікті өмірде байқалмауы мүмкін, бірақ тастауға бара жатқанда төгіліп жерде жатқанын көріп жатамыз. Урналарды шетке ысырып, далада жүргенде де қоқысты тастай салатын жауапкершілігі жоқ адамдарды жек көретінім бар. Өз артынан жинауды білмейтін «Бытовой инвалид» – тердің саны артуда. Бұл ұғым тек қана ер адамдарға ғана емес, әйел қауымына да қатысты. Сағыз қағазын, су бөтелкесін, кәмпиттін қаптамасын лақтыра салып ештене болмағандай ары қарай өз жолымен жүріп кететін адамдарды еш түсінбеймін. Бұл ең бірінші айналаға емес, өзіне деген құрметін өзі жоғалтуы. Санасы төмен, таяз адамнын күнделікті онын санасында – Норма болып жүрген іс әрекеті.

 

“Неге осы адамдар қоқысқа бейберекет қарайды?”- осы сұрақ көпшілігінде жауапсыз қалуы мүмкін. Тұрғын үйлерді алатын болсақ, қаншама адам тұрады. Қоқыс жәшігі бір, саналы адам соған салып қояды, ал санасызы онын айналасына жәй лақтыра салып, оның жәшіке түскені мен түспегеніне шаруасы жоқ. Және бұл күнделікті қайталанып тұрады. Неге бұл мәселені шешпеске деген ой келіп тұр. Табиғатқа байланысты тегін тренингтен өткізіп тазалыққа аз да болсын қол жеткізе аламыз. Қоқыстын көбеюі әлемдік проблемаға айналды, оны мойындауымыз керек. Қазірден балабақшадағыларды тазалыққа үйреткеніміз жөн. Ол тек қана жеке бастын гигенасына ғана қатысты емес, қоршаған ортанын ластамауын, қоқыс жәшігіне ерінбей барып лақтыруын үйретуіміз жөн деп санаймын. Үлкен бір өзгеріске осы қарқынмен жете аламыз. Балабақшадағы бүлдіршіндер, бастауыштағы балалар, мектептегі жас-өспірімдердің барлығына тазалық  немесе болашақты тазаруы атты  тренингтер жасалынып отырса менінше қоқысты далаға тастайтындардын саны азаяды деген сенімдемін. Бұл мәселе үлкендерге де қатысты. “Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі” демекші түсіндіріп, қоқысты жәшікке саласын деп айтуы керек. Аса маңызды бір мәселенін бірін де айта кетсем, ол даланы тазалайтын кісілерге деген құрмет. Бізге мұғалімдер сабақ оқымасан көшеде “дворник” болып жүресін деп жиі ұрсатын. Мүмкін бұл бізді жақсы болсын деп айтқандары болар, бірақ менің ойымша ол өзінен социалы төмен адамды кемсітумен бірдей. Осылай мұғалімдер бізді ол кісілерді сыйлауға  емес керісінше даттауға үйретеді. Былай айтқанда сыйластық танытпаудын фундаментын бізге салып береді. Ол кісілердің жасына қарамастан өзімнен кішкентай балалардын ауыр сөз айтып, жекесіне тиіп жататынын көремін. Кішісін қоя берші, үлкен аға әпкелерім де бұл қатардан қалысар емес. Көпке топырақ шашпайғаным жөн болар, бірақ кемсітіп, менсінбей ол кісілерге дөрекілік танытады. Әр отбасынын матералдық жағдайы бірдей емес, бірақ олардын орнында анасы немесе әкесі дала тазалаушысы болса қалай өзін сезінер еді? Сол қалыппен бөгде адамдардын дөрекілік танытқанына бей жай қарап тұра алатын беді? Міне сұрақ осында жатыр. Әр адам өздігінше жауап берер, ал мен өз ойымды айтайын. Жұмыс істегенннен емес жұмыс істемегеннен ұялу керек. Жұмыстын жаманы жоқ, ең бастысы ол адал еңбекпен табылса болды.Бұл қоқыспен аса қатты байланысы бар мәселе. Мен өз тарапымнан адамға ол кісілерді силастықпен танытқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Біздің тазалығымызды ойлап, артымыздан тазартып жүрген кісілерге мың да бір алғыс білдіремін.

 

Бұл мәселе бойынша әр адам өздігінше ой түйеді, және де пікірлер әртүрлі болады. Әдетте біз күнделікті пластик бөтелкелерді, пакет пен түрлі ыдыстарды қолданып жатамын. Біздің көмекшілерімізге айналған бұл пластик қоспасымен жасалған заттардын пайдасына қарағанда зияны көп. Қаншама жылдар бойы тіпті ғасырлар бойы құртылмайтыны дәлелденген болатын. Ал бұл тұста ұзақ сақтала тұрып өз бойынан күнделікті химиялық зиянды қоспаларын сыртқа шығарады. Яғни, зияны көп және біз тұтынып жатқан тағамдар мен жеміс жидекке де көзге көрінбейтін зиян келтіреді. Бөтелкелерді шыны түріне ауыстыруға болады ал пакеттерді мата түріндегі сөмкеге алмастыруға болады. Бізге қазір байқалмасада келешекте өз әсерін тигізетіні айдан анық. Сондықтан пластиктен бас тартқанымыз дұрыс деп санаймын.

 

Пластик тек қана құрғақ жерде ғана емес суда, мұхиттарда да кездесіп жатады. Қаншама балықтарға зиян келтіреді, сол себептен сирек кездесетін су мекендеушілері жойылуда. Бірақ пластик шығаруды тоқтатсақ әлем бойынша бәрі өзгеретін секілді. Шығарылып болған пластикті қайта өңдеп шығарып санын азайта аламыз. Дүкендерде тек қағаз пакеттерді қолданып жүрсек аз да болсын табиғатқа өзімізге зиян келтіруді азайтамыз. Кейбіреуі менімен келіспейтінде шығар, бірақ осы мен айтып жатқан кеңес бұл мәселенін таптырмас шешімінін бірі болуы әбден мүмкін. Табиғатты қорғау ол біздің міндет, жер бетінін тазалығы біздің қолымызда.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *