Тіл – ұлт байлығы
Тіл – ұлт байлығы
Ұлт болу тек қана бір мемлекет астында тұруды білдірмейді. Әрбір азаматша өз елі мен жерін, халқын құрметтеуге міндетті. Бір ұлт атанғансон әрбір пенде өзінің мемлекетінің алдында борышы мен міндетін сезініп, әрбір құндылығына жауапкершілікпен қарауы, егеменді мемлекетте еркін, тәуелсіз азаматша болып өмір сүріп жүргеніне тәубе етуі қажет. Ұлт болудың өзі бірнеше шарттардан болады. Соның ең басты және маңыздысы–ұлттық тіл.
Тіл-ел байлығы, болашағы. Ұлт көркі. Ана тілде сойлеу адамның өз тандауынан, жеке тұлғалық құзыреттілігінен, қадір-қасиетінен, тіліне, өткені мен болашағы, ұлтына деген сый-құрметінен туындайды. Алайда бүгінгі күні өз құндылықтары мен тарихын білмейтін, адасып бара жатқан адамдарды көріп ішіміз бір қынжылып жатады. Қазіргі таңда ең ауқымды және актуалды мәселелердің бірі де тіл мәселесі.Ахмет Байтұрсынов: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»-деп айта кеткендей, күннен күнге ең басты байлығымыз бен құндылығымыздан қалай айырылып бара жатқанымыды да байқамаймыз. Қоғамдық орталар, әлеуметтік желілер, тіпті жоғарғы билік тұлғаларының өз тілінен бұрын, өзге тілді насихаттауын көріп жатамыз, одан қоймай соны жетістік пен мақтан көруі.Қалаған тілінде ғана сөйлеп, туған тілін еш ойланбастан құрбандыққа шалатын болса, оның жануардан не айырмашылығы қалады?! Жеке басының құмары мен қанағатын ойлап өтіп, қуана күн кешуі керек пе? Елі үшін күрескен, егемендік пен өз тілі, діні мен жері болуын аңсап кеткен, сол үшін жанын қыйған қаншама батыр, зиялы, ардагерлердің қаны босқа төгілгені ме? Ата-бабаларымыздың еңбегінің біз үшін еш құны болмағаны ма?
Тілсіз ел-ел болмайды. Ұлтты ұлт, елді ел ретінде сақтап, ұстап отырған тіл. Ол бағажетпес, мәңгілік құндылық. Сол құндылықтың құны жойылмауына біз жауаптымыз. Қалақ тілінің бойына жан бітіп, дамысын десек, әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуі және сөйлесуі қажет. Ел болашағы-өнегелі ұрпақ қолында. Еліміздің өсіп, өнуі біздің қолымызда. Соны ұмытпайық.
Русланқызы Жанель
Алматы қаласы
Алмалыбақ ауылындағы ОМГ
11„Ә” сынып оқушысы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718