«Ойыншықты тап» ойыны
Қожамуратова Алтынкүл
Мақсаты: Заттардың түсі мен көлемі, пішінімен танысу.
Шарты: Балаларға құмға жасырынған ойыншықтарды тауып, оның түсін, пішінін атау.
Тәрбиеші:
- Қане, балалар мен сендерге алдымыздағы құмға жасырынған ойыншықты тауып беруді өтінемін. Кім маған тез тауып бере алады екен а?
Балалар іс-әрекетке еніп құмнан ойыншықтарды іздей бастайды.
Тез тапқан бала көрсетуге асығады:
- Қане ол қандай ойыншық?
Бала жауабы:
- Бұл айна.
Тәрбиеші:
– Оның пішіні қандай екен?
Бала:
- Пішіні домалақ.
Тәрбиеші:
- Түсі қандай?
Бала:
- Түсі қызыл.
Тәрбиеші:
- Жарайсың балақай! Сен дұрыс таптың.
Ойын осылай жалғасады.
Енді балалар келесі ойынымыз «Ерекше іздер» деп аталады.
Мақсаты: елес, тактикалық сезімталдықты дамыту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші: – Балалар мен сендерге «Қояндар келе жатыр?» – десем қолымыздың саусақ ұшымен құмда секірте соғамыз. Ал, егер «Жылан келе жатыр?» – десем саусақтарымызбен құм үстінен иректеле із салуға тырысайық.
Тәрбиеші:
«Қояндар секіреді» — балалар әр түрлі бағыттарда қозғала отырып, саусақтарының ұшымен құм үстінен соғады.
«Жыландар келеді?» — балалар қол саусақтарымен құм үстін толқынды етеді (әр түрлі бағытта).
«Қоңыздар жүгіруде» — бала жәндіктердің қозғалысын ұқсастырып, барлық саусақтарымен қоғалтады («қоңыздар сәлемдесуде»-құм астында бір-бірінің қолдарымен кездестіріп, қолдарын толығымен құмға салуға болады).
Балалармен бірге алдымен өзім көрсете отырып, ойынға қызығушылықтарын арттырдым.
Құммен жұмыс жасау баланың тілдерін, ұсақ қол маторикасын, жадыны, қиялдарының жетілуіне бірден бір көмек. Құмның ойын терапия тәсілі –балалардың денсаулығына қуаныш пен рахаттану атмосферасын тудырып, оларға жақсы жағынан әсер етеді. Құммның көмегімен ертегілерді келтіріп ойнап, қиялдарын жетілдіріп, өз әлемін жасауға да болады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718