Естімеген елде көп…

Естімеген елде көп

  1)   Көзден жас шығу әр адамда кездеседі. Көздің жасы ол біздің ағзамыздың, қоршаған ортаға түрлі жағдайлардан  пайда болған реакциясы. Көңіл-күйі төмен немесе көтеріңкі болу, пияз турау, тіпті көзге қоқым кіріп кетсе де көзімізден жас шығады. Бірақ, сол жастың құрамы әрдайым бірдей болмайды. Пияз турағанда, көзге қоқым кіргенде, көзден қорғаныш бактериялары бөлінеді екен.

  2)   Пингвиндер өз жұптарын өмір бойы сақтайды. Аталық пингвин өз таңдаған пингвиніне ең әдемі тастарды сыйлап отыруға тырысады екен.

   3)  Ең ежелгі, қазіргі кезге дейін келе жатқан ту болып Дания елінің туы саналады. Ол 1219 жылдың 15 маусымында пайда болған екен.

   4)  Антрактиканың кейбір жерлеріндегі желдің жылдамдығы сағатына 320 км ге дейін жетеді екен.

   5)  Егер байқасаңыз, гимнастардың бойлары аласа болып келеді. Неге десеңіз,  әр адамда бой пластиналары болады. Қаңқаның арасында болатын сіңір төсемдері күнделікті жаттығулардан бұзылып, бойдың өсуі тоқтап қалады екен.

   6)  Адам өтірік айтып тұрғанын білгіңіз келсе, онда оның бетін байқап тұрыңыз. Егер сөйлеп жатқан адам көзін жоғары бағытқа қаратса, онда ол өтірік айтып тұр.

  7)  Бағасы 3 млн евродан артық тұратын Bugatti Vironсупер көлігінің салоны арнайы Австрия тауларында өсірілетін сиырлардың терісінен жасалады екен.,

Әрдайым жаңалықтарды біліп жүріңіз.

                                                                                                  Рахманқұл Ерасыл

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *