Университет қалай таңдаймыз?

  • Ең бірінші этап: өзіңнің мамандығыңды нақтылап алу. Сенің мамандығың бір университетте бар бірінде жоқ. Сол үшін өзіңнің болашағыңды шешетін таңдауыңды қазірден жаса.
  1. БІЛІМ САПАСЫ. Білім дуңгейін анықтап ал. Университеттің Instagram желісіне жазыл, барлық жаңалықтар ақпарат сол жерде. Деңгейін анықтау үшін қандай білікті, атақты мамандар сол білім мекемесінен шыққанын анықта.
  2. МҮМКІНДІК. Студент бола тұра ол университет саған қандай артықшылықтар бере алады? Кейбір ЖОО-лар студенттерін 1 жылға басқа мемлекетке тәжірибе алмасу ретінде жібереді. Соған мән бер. Сен оқып жүріп, іс жүзінде мамандығыңа тікелей байланысты жұмыс жасай алсаң демек бұл керемет университет.
  3. АККРЕДИТАЦИЯ. Көптеген университеттер өздерінің бітірушілеріне жағдай жасамайды, дипломын ұстатып жібереді. Сондықтан ол дипломның қаншалықты мықты екенін тексер. Халықаралық университеттердің (СДУ,МНУ,КБТУ) дипломдары шетелге жарамды. Кейбірінде ҚОС ДИПЛОМ деген ұғым бар. Яғни, бірдей екі мамандықта оқыту деген мағына. Сол детальдарға мән беріп қарап шық.
  4. STUDENT LIFE. Бұл соңғы критерийлер. 4 жыл оқитын мекенің саған жылы естелік берсін. Студенттік шақ, активитилер, қандай белсенділік барын көр. Нешетүрлі бағыттағы клубтарының бәрі студенттерге арналған. Олардың бәрі сенің студенттік шағыңды қызықты етеді. Атмосферасын сезініп көр.
  5. ІШКІ ДИЗАЙНЫ. Соңғы критерий бұл орналасу жері, оның ішкі құрылысы. Ішінде кітапхана, тех.кабинеттер, спорт кешені, концерттік залдар, демалыс орны жалпы айтқанда іші саған жағымды болғаны дұрыс. Ол үшін алдын ала өзің келіп көргенің жөн.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *