Тәуелсіздік ұғымын түсінемін.
Ерқожа Дина Елмұратқызы.
Тәуелсіздік-елдігімнің,теңдігімнің белгісі.Еліміздің ең үлкен жетістігі.Ата бабамның қалдырған құнды қазынасы.Тәуелсіздік-егемен елге білектің күшімен,найзаның ұшымен келгені бәріміз үшін мәлім.Тәуелсіздік төрінде,жарқыраған күннің әр шуағы біз үшін қымбат.Бұл күнді тәуелсіздіктің туын тіккен батырларымыздың бізге қалдырған аманаты,баға жетпес бақыты деп білеміз
Мен тәуелсіз елдің қызымын.Арайлап атқан әр күніме шүкір етемін.Елімізді тәуелсіз мемлекет еткен батырларымызға айтар алғысымыз қашанда шексіз.Бүгінде еліміздің еңсесі биік,кең даламыз гүлдеп,күніміз жарық шуақ шашуда.Мұның бәріде егемен елдің ертеңі үшін күрескен ата-бабамыздың еңбегі.Қазақстан тәуелсіздік тұғырында,көк байрағын желбіреткен егемен ел.Ел еңсесін көтерген,еркін еткен,батырларымызды әрқашан еске алып мақтан тұтамыз.
Сіздер арман еттіңіздер азаттықты, Бастан кештіз неше бір неше бір азап күнді, Өздеріңнен қалған ұрпақ бүгінде Өткізуде бақыт пен ғажап күнді-деп жас ұрпақ батырларымызды ешқашан жүректен өшірген емес.Тәуелсіздіктің қалай келгенін айтпасақта әр адамзат жақсы біледі.Қан майданда елім деп,жан ұшырған ер есімі,қашанда ел есінде.