Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар бәсекеге қабілетті

Кез келген елдің басты қозғаушы күші – жастар. Заманның талабына сай дамып, елінің табысты болашағы үшін жаңа бастамаларға жол бастау озық ойлы табысты азаматтардың қолынан келеді. Алайда бұл тұста елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастардың ойы мен ұмтылыстарының дұрыс болуы маңызды рөл атқарады. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген адамның арман-мақсаттары елінің мүддесімен сәйкес келіп, ол өз Отанын алдыңғы қатардағы әлем елдерімен тең түсер бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізе алады.

Ұлттық сана-сезімі ояу адам халқының қамы үшін қызмет етіп, қоғамға өз үлесін қосуға тырысады. Өз борышын адал атқаратын мамандары бар мемлекет экономикалық тұрғыда дамып, халықаралық аренада алдыңғы қатарға шығады. Осындай дамыған елдердің айқын мысалы ретінде Жапонияның даму үлгісін келтіре аламыз. Екі атомдық бомбаны бастан кешірген құрлықтағы кішкентай ғана мемлекет аяғынан тұрып, бәсекеге қабілетті ел болу үшін білімге ғана ден қоймай, жастардың патриоттық сезімін бойларына сіңіруіне аса мән берген. Соғыстан кейін жапондықтар самурайлық дәстүрлерден бас тартқанымен, халықтық дәстүрлерді ұмытпай, оларға аса қатты құрметпен қарады. Жастайынан оқушыларды ұлттық құндылықтарға дәріптеп, адал еңбекке баулыған. “Жапондық ғажайыптың” құпиясы тәртіпке негізделген еңбек, қоғамды жалпы ұлттық өркендеу міндеттерін шешуге жұмылдыруы, басқалардан үйренуге деген құлшыныс және “Шығыс пен Батыстың синтезі”, яғни, шетелдік озық тәжірибелерді, жетістіктері мен білімді аса үйлесімділікпен қабылдап, оларды дәстүрлі-өркениеттік мұраларымен ұштастыра білуі деуге болады. Қазіргі таңда Жапония өзінің даму стратегиясы мен көкірегі ояу жастарының арқасында жетекші державалардың біріне айналып отыр.

Елінің жанашыры бола білген адам шет елге шыққанда, өз халқын ұмытпайды, керісінше, туған жерінің туын көкке ұстап, атын шығарады. Сондай үлгілі азаматтардың идеалы – Димаш Құдайберген. Қазақтың қарапайым баласы зор даусымен барлық әлемді таңғалдырған және қолына домбырасын алып, “қазақпын” деп мақтанышпен айтқан. Халықаралық сайыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз  атанған жас бұлбұл ұлттық құндылықтары арқылы өзінің бәсекеге қабілетті екендігін көрсете алды. “Менің халқыма пайда әкелуден басқа арманым жоқ”, – деп сұхбаттардың бірінде шын ниетін білдіре отырып, енді ол қазақтың жас әртістеріне де әлемдік аренаға көрсетпекші екендігін ашық айтты.

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жас бәсекеге қабілетті болатыны сөзсіз әрі елінің абыройлы болуын бірінші орынға қоя алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *