Арманы асқақ журналист болғым келеді

Мырзахмет Ақбота

Адам өмірінде екі бір үлкен таңдау бар.Бұның бірі адал жар таңдап шаңырағы биік отбасы құру болса,ал екіншісі өзіңнің жаныңа жақын дерлік мамандық таңдау.Бұл сөзді әрбір адам өмірінде кемінде бір рет естіген болар.Расында осы екі таңдау біздің өмірімізді шешетін,дұрыс таңдау жасаған жағдайда болашағымызды жарқын ететіні сөзсіз.Міне осы екі таңдаудың бірі менің алдымда тұр.Ол дұрыс мамандық таңдау.

Сіздің ойыңызша жақсы маман иесі деген кім?Жақсы маман иесі болу дегеніміз ол өзің таңдаған мамандыққа деген қызығушылығың әр атқан таңда оянуы,осы сферада жұмыс істеу сені әрдайым бақытқа бөлеуі,халқыңа,өз отаныңа еңбегіңді сіңіру арқылы өз еліңді алға тарту.Міне дұрыс мамандық таңдау деген осы.

Ал мен таңдаған мамандық журналистика.Өзекті мәселелердің шешімін табу,халқыңды әртүрлі жаңалықтармен хабардар ету,әр күн сайын елдің болашағына үлес қосу міне бұл менің арманым.

Журналистика саласы менің бала күнгі арманым десем қателеспеймін.Әлі есімде,теледидардан әртүрлі журналисттердің өзгенің проблемасын өзінікінен жоғары қойғанын,жан жақтылықтарын көріп өзімде осындай маман иесі болуды армандайтынмын.Міне осы арманыма бір елі қадаам қалды.Мен өз өзіме сенемін.Журналистика менің сүйіп таңдаған мамандығым!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *