Үш бәйтерегімізге 130 жыл

Қазір біз тәуелсіз елде өсіп -өніп , кең-байтақ жеріміздің топырағын емін еркін басып , келешекке үмітпен қарап жүрген бақытты ұрпақпыз. Осылай өмір сүруіміз үшін қаншама ата-бабаларымыз тер төккен.

Солардың ішінде, қазақтың «Үш бәйтерегі» атанып кеткен – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин,Ілияс Жансүгіров секілді ұлы тұлғаларда бар .

Үш бәйтерегіміздің туғанына биыл 130 жыл толып отыр.Олардың бір-бірімен тығыз байланысты болғаны сонша , үш алып бәйтерегіміз бірдей 1894-1938 жылдар аралығында өмір сүрген. Бір уақытта дүниеге келседе, олардың ел үшін жасаған еңбектері алуан түрлі. Әр бәйтерегімізге  жеке-жеке тоқталып өтейік .

Сәкен Сейфуллин (15 қазан 1894-25 ақпан 1938)- ақын  және жалынды жазушы, қоғам мен мемлекет қайраткері,Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушы,қазақ кеңестік әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан тұлға.

1920-1930 жылдары кеңестік өмірді жырлаған проза жанры ерекше қарқын алып, іргелі туындылар жарық көре бастады .Мәселен, Сәкен Сейфуллиннің «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы,«Бақыт жолында » ,«Қызыл сұңқарлар» пьесалары,«Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романы ,«Альбатрос»,«Қызыл ат » кітаптары басылып шықты . Өз шығармаларында тарихи дәуір бейнесін көркем суреттеген еді.

Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894- 26 ақпан 1938) – қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын,драмашы, аудармашы .

1927-1937 жылдары әдебиеттің барлық жанрында өшпес әдеби мұра қалдырды. Ол поэзия,проза ,аударма және тағыда басқа жанрларда жиырмадан астам кітап жазған.Осыдан-ақ қаламгердің тілінің өткірлігін , көпқырлы дарын иесі екендігін байқауға болады. Оның «Дала» ,«Күй», «Күйші»,«Құлагер» поэмалары , «Жолдастар» романы, «Кек», «Түрксіб» , «Исатай-Махамбет» пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан ерекше орын алады.

 

Бейімбет   Жармағамбетұлы Майлин (15 қараша 1894-26 ақпан 1938) – дарынды жазушы,ақын, драматург жәнеде қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі .

1923-1937 жылдарда елуге жуық кітап,жинақ жариялаған. Көркем әдебиеттің барлық саласында дерлік қалам тартып , болашақ ұрпаққа мол әдеби мұра қалдырды.«Раушан-коммунист»,«Шұғаның белгісі»,«Құлтай болыс»,«Азамат Азаматович», «Гүлденсе ауыл -гүлденеміз бәріміз»,«Кедей»,«Бер, Мырқымбай қолыңды»,«Азат әйел» және тағыда басқа шығармаларында Қазан революциясының алды,одан кейінгі кездердегі аласапыран оқиғаларға толы қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігі өзіндік өрнек тапты .

 

Кеңес одағы осындай мықты тұлғаларды өз заманында «халық жауы» деп репрессияға ұшыратып, қазақ халқының жадынан мәңгілікке өшіргісі келді . Бірақ көріп отырғанымыздай біз оларды ешқашан ұмытқан емеспіз, әр жыл сайын еске алып,неше түрлі байқаулар өткізіп  олардың ұмытылуна жол бермей келеміз .

 

Үш бәйтерегімізде еңбек жолында репрессияға ұшырап  , ату жазасына кесілді. Қысқа ғұмырларын елдің болашағына арнаған үш алып ,тарихта «жылымық» деп аталатын кезеңде ақталды .

 

Қорытындылай келе , Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің  қазақ әдебиетіндегі алатын орны ерекше .

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *