Катон – Қарағай
Қазақстанның шығысында Ресей мен Қытаймен шектесетін таңғажайып орын бар. Бұл — Қатон-Қарағай-Қазақстандағы ең үлкен табиғи саябақ орналасқан ауыл. Мұнда флора мен фаунаның бай түрлері шоғырланған, олардың кейбіреулері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Катон қарағай ауданы – Қазақстанда марал өсіретін, дәрілік шикізат-панты алатын жалғыз орын. Сол үшінде Катон-Қарағайда бірнеше пантымен емдеу орындары бар.
Нақтырақ айтқанда пантымен емделудің бірнеше кезеңдері бар, олар:
Панты ванналары
Пантотерапия кешенінің дәстүрлі процедурасы дененің қорғаныс және иммундық күштерін нығайтады.
Фитобочка және панта ингаляциясы
Тау шөптері мен панта сорпасына негізделген бу саунасы терінің құрылымы мен тыныс алу органдарына оң әсер етеді.
Панта өнімдері және шөп медицинасы:
Панта өнімдерін пайдалану және шөп медицинасын қолдану-әртүрлі этиологиядағы аурулардың алдын алуға ықпал етеді.
Пантотерапия қан айналымына да пайдалы әсер етеді, ұйқыны қалыпқа келтіреді және тірек-қимыл аппаратын жақсартады. Тағы бір артықшылығы – бұл емдеудің іс жүзінде ешқандай қарсы көрсетілімдері жоқ.
Бүкіл әлемде пантотерапия — көптеген аурулармен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі ретінде танылады.