Өмір. Өзгеріс

Мадреймова Айгерім

Адам өмірінде көптеген өзгеріс болады.Ешкім алда не боларын білмейді.Адамдар жайдан жай өзгермейді,өзгертетіндей бір оқиға,жағдай болады.Мысалға адамның ең алғаш рет өмір есігін ашқан кезінен бастасақ.Кішкентай нәресте сап-сары боп туылғанымен,өсе келе реңі өзгереді.Яғни сырт келбеті өзгереді.Кейде мінезі де өзгереді.Оның бәрі сыртқы фактордан.Ал енді жасөспірімдерді алсақ.13-17 жас аралығы жасөспірімдермен қатар ата-аналар үшінде маңызды әрі өтпелі кезеңнің бірі.Психологтардың айтуы бойынша бұл кезеңде балаға бостандық беріп,барынша махабат сыйлаған жөн.Себебі дәл осы уақыт аралығында жасөспірімдердің балалық шағы бітеді.Әлемге жаңа көзқараспен қарайтын болады.Осындай кезеңде балалардың араласатын ортасына мән беру керек.Өйткені адамды өзгертетін оның айналасындағы адамдар.Қазіргі ата-аналар бұрынғы кезеңмен өмір сүреді.Детская травма дегенді білмейді.Алайда детская травма жасөспірімдердің өзгеруіне алып келетін үлкеен фактор.Неге психологтар балаларға көп ұрса бермеу керек дейді?Себебі бұл уақытта жасөспірімдерге қолдау мен махабат керек.Қазақстанда суицид деңгейінің жоғары болуы кезінде балаға дұрыс көңіл бөлінбегеннің,махаббат берілмегеннің белгісі.Махаббат демекші…Балаларға ата-ана махабаты өтееее маңызды.Олда баланың психологиясына әсер етеді.Қыз баласы үшін әкенің махабаты ерекше.Әкесінен жеткілікті махабат ала алмаса,оны басқа жігіттерден іздейтін болады.Әкесіне еркелеп,ішіндегін айта алған қыз,ертең күйеуіне қылықты боп баурап алады.Ұлдар үшін ананың махабаты маңызды.Анасы өзіне қалай қарағанын көрген ұл,ертең анасындай қамқор бола алатын,түсіне алатын қызды жолықтырады.Кішкентай заттардың өзі адам өміріне үлкен өзгеріс алып келеді.Өзгерістен қорықпау керек Алайда тек жақсы жаққа қарау өзгеруге болады.Жаман жолға қарай бағыт алған адам түбінде жаман атты болып,абыройынан айырылады.

Адамдарды жаман жолға қарай өзгертетін факторлардың бірі жаман немесе қайғылы оқиға.

Қайғылы оқиғада адамдар ауыртпашылықты көтере алмай кетеді.Жаман оқиға әркімге әрқалай.Жасөспірімдер үшін ең жаманы ол әрине ҰБТ.

Ұбт-дан кейін өз өздеріне көңілі толмай,өмірден безіп кететіндер де бар.Бірақ мұның бәрі сынақ екенін,бұлда өтілуі керек кезең екенін ұмытып кетеді.Сынақ адамға жайдан жай келмейді.Сынақ арқылы мықты болып,қателік жібермейсің әрі сабақ аласың.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *