Жасөспірім кәмелетке толмаса да, жақсы жұмыс істей алады: ТОП 3 жұмыс

Абдрашит Айым

Қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында жұмыс мәселесі өте өзекті болып саналады. Біріне жалақысы ұнамаса, біріне бір күндік жұмыс сағаты ұнамайды. Сондықтан да, арнайы оқырмандар үшін ТОП 3 жұмысты таңдап алдық!

Хоббиің арқылы ақша табу

Егер сізге ұсынылған жұмыстар қолайсыз болса, неге өзіңе ұнайтын істі жұмысқа айналдырмасқа? Мысал ретінде: сізге сурет салған ұнайды және болашақтағы мамандығыңызды сурет салумен байланыстырасыз. Ендігі кезекте бизнесті бастау ғана қалды. Әлеуметті желіде жаңа парақша ашып, әлеуметтік желіге байланысты алгоритмдерге сай видеоларды жүктейсіз де, өзіңізді өзіңіз жарнамалайсыз. Кейін потенциалды сатып алушылар табылып, прайспен бөліскен соң, бастай аласыз.

Тиімді жақтары:

-Өзіңізге ыңғайлы жұмыс уақыты;

-Болашақ мамандықтың іргетасы;

-Хоббиіңіз болғандықтан, сүйікті жұмысыңыз.

Тиімсіз жақтары:

-Әлеуметтік желіде жұмыстарыңызды сату қиындық туғызуы мүмкін

Аниматор болу

Балалық шағыңызда достарыңыздың немесе өзіңіздің туған күніңізге мультфильмдерден шыққандай кейіптегі персонаждар келгенде тамсанатын бе едіңіз? Солардың орнында болуға қалай қарайсыз? Тек қана иерекені одан әрі сәнді етіп, балалармен бірге көңіл көтересіз. Аниматорлықтың тиімсіз жақтарын атап өту қиын, себебі әр кезде әртүрлі балалар кездеседі, бірақ

Тиімді жақтары:

-Күніне тек 4/5 сағат

-Ойындарға қызығып кетуің әбден мүмкін

-Оңай, әрі қызыққа толы жұмыс

Блогерлік

Қазіргі таңда блогерлікті ең танымал жұмысқа жатқызуға болады. Жастар да, ересектер де онымен қатты қызығады. Тіпті оны қазір бөлек мамандыққа жатқызуға болады. Әлеуметтік желіге түрлі видеолар салу арқылы алғаш оқырмандарыңызды жинап, жарнамалар түсіру арқылы ақша таба аласыз. Сонымен қатар, бартер секілді кішірек жарнамалары бар

Тиімді жақтары:

-Танымалдылық, ивенттерге қатысу;

-Өз-өзіңізге жұмыс жасайсыз;

-Үйден шықпай-ақ видеоларды түсіруге мүмкіндіктің болуы;

-Блогерлік бағыттардың көптігі

Тиімсіз жақтары:

-Алғашқы оқырмандарды жинау қиындық туғызуы мүмкін;

-Хейт

 

Әр тәжірибенің сіздің мықтырақ болуыңызға әсер ететінін және болашақта көмегін тигізетінін ұмытпаңыз. Жасөспірімдерге сәттілі тілеймін!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *