Дос болайық бәріміз

Жолшина Перизат Базарбековна

Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру. Достарға деген мейірімді қарым – қатынасқа үйрету.

Шаттық шеңбер
Педагог-психолог: Сәлеметсіңдер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Педагог-психолог: Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір – бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада біз бір – бірімізбен доспыз.

 

Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан!
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
«Дос болайық бәріміз» әнін орындау

 

Музыкалық ойын: «Раз, два, три, четыре, пять». Балалар әуен барысында берілген нұсқауларды бимен орындайды.
«Менің досым»
Педагог-психолог: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.

Сергіту сәті
(Қимыл – қозғалыспен көрсету.)
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Достар тату – тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.

Ғажайып сөздер.
Педагог-психолог: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Достар тату, мейірімді болады.
Достар бір-біріне көмектеседі.

 

Музыкалық ойын «Буги-Буги»

Балалар әуен ырғағымен қозғала билейді.

Қорытындылау
Педагог-психолог:Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымыз үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір – біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір – бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
Педагог-психолог: Балалар достар қандай болу керек?
Балалар: Адал, тату, мейірімді, қамқор.
Балабақшада бір – бірімізбен доспыз. Ренжітпейміз. Бірге ойнаймыз.
Жүректен – жүрекке.
Педагог-психолог балаларға шеңбер жасайды. Бір – біріне тілектерін айтады. Өз достарының қандай екенін айтып шығады.
Менің досым батыр болса деймін.
Менің досым әдемі өтірік айтпаса екен деймін.
Менің досым әдемі қыз болсын.
Менің досым суретші болса екен деймін.
Менің досым мұғалім болғысы келеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *