Тәуелсіздіктің талантты үрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім .Касымжанова Бейсехан Абильовна
Тәуелсіздіктің талантты үрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық
әдіс-тәсілдерім
Касымжанова Бейсехан Абильовна
Қазіргі ғарыш жылдамдығымен дамып бара жатқан заманда, заманның ағысынан қалып қалмау, алдыңғы қатардағы елдер сатысына ұмтылу- ұлт болашағының негізі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.Өйткені, еліміздің болашағы өсіріп отырған үл-қыздарымыздың қолында. Қазақ жастары-білімді, озық ойлы, алдына мақсат-міндет қойған Қазақстанның ертеңі. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде қүрылуына барып тіреледі.Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға(қазақ жанына)үйлесетін негізінде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру, әр үстаздың қасиетті міндеті.
Балаға білім беріп қоймай, саналы тәрбие беру, ұстаздық жолымдағы алғашқы міндеттерімнің бірі.
Қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында жаңартылған білім беру әдіс-тәсілдеріне сын көзбен қарайтындар да бар. Бірақ, «Заманың түлкі болса, тазы боп ал.» деген халқымызда нақыл сөзі бар. Сондықтан, заман ағымына қарай жаңа технологияларды пайдаланып, сабағымды қызықты және мәндіғып өткізуге тырысамын. Дәстурлі және компьютерлік оқыту әдістерін біріктіру арқылы оқу үдірісінің тиімділігін арттыруға ұмтыламын. Мысалы, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін мнемотехника әдістерін пайдаланамын. Бұл әдіс мәтінмен жұмыс істегенде өте тиімді десе де болады. Сол сияқты, топпен жұмыс жүргізу арқылы, ұжымдық ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай, көшбашшылық қабілеттерін де дамытамын. Топпен жұмыс барысында оқушылар ізденіс, ойларын өрбіту, таңдау, талдау сияқты іс-әрекеттер жүргізеді. Әр топ өз ойларын дәлелдеп қана қоймай, бір-біріне әділ баға береді.
Кіші буында оқитын балаларға саусақ ойындарын ұйымдастыру арқылы миының дамуына ықпал етемін. Атап айтсам, балаларға саусақтарымен «қоян» және «ok» жаттығуларын баяу жасатып, кейіннен жылдамдата жасауды талап етемін. Осы тәсілдес бірнеше жаттығулар жасату арқылы баланың ойлау қабілеттерін дамытамын.
Оқушылардың арасында дарынды балалар да болады, соларды тани білуге көп жұмыс жасаймын. Тапсырмаларды деңгейлеріне қарай орындату арқылы қабілеттерін байқаймын. Сол қабілеттерін дамыту барысында «мұғалім-оқушы-ата-ана» схемасы бойынша жұмыс жүргізу нәтижелі болады. Оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми зерттеу жобаларына, сайыстарға қатысуға бағыттаймын.
Сабақта тақырып бойынша оқушылар арасында пікірталас өткізу, эссе жаздыру, «білемін, білгім келеді, үйрендім» әдіс-тәсілдерін де пайдаланамын. Ыбырай Алтынсарин айтып кеткендей, педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе-ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде. Өйткені, баланы жан-жақты білім алуына, жеке тұлға болып дамуына ықпал ететін – мектеп.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші, тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеуде ұстаздың рөлі зор екенін білеміз. Сондықтан бар ынтамды, білімімді болашақ ұрпақты тәрбиелеуге арнаймын. Абай атамыз айтқандай,ұстаздық қылғаннан жалықпай, «шабыт алып жүзінен әр баланың -ұстаз болудың өзі-бір бақыт»-деп үн тастаймын .
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718