Ана тілі жан дүниеміздің айнасы.

Тіл-халық қазынасы, ұлт құндылығы, халықтың байлығы. Менің ана тілім-қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Туған тілді құрметтеу әр бір адамзатқа міндет. Ана тілі-біздер үшін ата-бабамыздан келе жатқан баға жетпес ең асыл мұра. Тіл құндылығын жоғалтпау біздер үшін үлкен парыз болмақ.

Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ұлттың ең басты сипаты-ана тілі. Туған тілдің абыройын асқақтату-әрбір адамзаттың абзал борышы. Еліміздің кеңдігімен, теңдігінің айқын көрінісі. Тәуелсіз елдің ендігі жас ұрпақтарын отансүйгіштік пен, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда ана тіліміздің атқаратын қызметі орасан зор. Өзге тілді білу білімділіктің белгісі. Алайда, өз тіліңді құрметтеу, дәріптеу біздер үшін үлкен міндет. Сондықтанда осы орайда айтқым келетіні, туған тілімізді бұрмалап, құнды сөздерде қате жіберуге жол бермеу керек. Ана-тілі ар өлшемі. Туған тілді ұмыту, ана сүтін ақтамаумен тең.

  Тіл тпусылмайтын, сарқылмайтын байлық болуы тиіс. Ана тілге деген құрмет, халқымыздың мәдениетін көтереді. Ана тілі-адамның ар ұжданы.Халықтың сөнбес қуаты. Тіл-ұлтпен бірге өмір сүреді, бірге дамиды. Тіл ең құдіретті, қастерлі қазына.Қашанда болмасын тіл тағдыры-ел тағдыры екендігін ұмытпаса деймін. Тіл-халықпен бірге өсіп өркендейді. Ана-тілі жан дүниеміздің айнасы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *