Шығыстан шыққан ұлы ұстаз
Жумашева Гулайна
«Мені ұстаз ретінде қалыптастарған-шәкірттерім»
Қ.Бітібаева
Ұстаз-өзінің бар күшін,бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған тұлға,қасиетті мамандық иесі.
Ұстаз болу-екінің бірінің қолынан келмес,әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,мұғалім мектептің жүрегі»,- деп ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин айтқандай мектептің жүрегі,ұлы қызметті мінсіз атқарған дара тұлғаларымыздың бірі – Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева.Ол есімі шетел асқан даңқты ұстаз.Өзі таңдаған мамандығының қыр-сырын меңгерген.Оның қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі өлшеусіз,еңбектері бағалы және құнды қазына.
Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз.Қанипа бітібаева ұстаздық жолында елеулі еңбек еткен.Оның әдістемелік оқу құралдары,Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқыту әдістемелік құралдары қазіргі таңда мұғалімдерге таптырмас көмекші құрал.Ұрпақтардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ұстаздарға байланысты.Абай атамыз айтқандай «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады».Бауыржан атамыз: «Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет».Расымен де, ұстаз-ұлылықтың негізі,олар балаларға білім беріп қана қоймай,адамгершілік пен жақсы істерге тәрбиелейді.
Ұстаздың дәрежесі шәкіртінен байқалады,шәкіртке қандай ой салса,сондай оймен қалыптасып өседі.Оның басты мақсаты оқушыларды өз баласындай көріп,білімге деген талпынысын арттыру.
Ұлағатты ұстазымыз Қанипа Бітібаева : «Әдебиет пәні рухани дүниені байытады,елге деген сүйіспеншілікке,адамзатты құрметтеуге тәрбиелейді»,-дейді.Біз өзіміз де әдебиет пәнінде қаншалықты тәлім-тәрбие,білімге шақыруларды,отанға деген сүйіспеншілік пен адамдардың бір-біріне деген құрметтерін байқаймыз.
Бітібаеваның биігі-ана тіліміздің биігі.Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған.Хан апамыз жас ұрпақты ана тілінің нәрімен сусындатып,баптады.Оның «45 минуттан 45 минутқа жалғасқан ғұмыры» туған тілдің туын биік ұстаумен өтті.Шеберліктің шыңын бағындырған тұлға Бітібаеваның биігі баршаға үлгі.
Қанипа Бітібаеваның өмірден өткеніне биыл 10 жыл.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718