ҰБТ-да 140 балл алу құпиясы

  •  Көптеген 11 сыныптардың мазалауы: ҰБТ-ны қалай тапсырамын? Қалай жоғары балл алуға болады? 140 алу мүмкін бе? Өзім де 2024 жылы түлек болып 2 ҰБТ-ны да сәтті тапсырдым. Осы орайда мен 10 сыныпты аяқтап жатқан түлектерге ТОП 5 кеңесімді берер едім.
  • “ТОП 5 КЕНЕС”
    1) ДИСЦИПЛИНА-КУРС: “Өзім үиде отырып, кітап оқып дайындаламын” – дегенді қою қажет. Қанша жерден өзіңді өзің қолға алып оқи алсаң да, дисциплина кейде болмайды. Сосын оқимын деп қалып қалады. Сонымен қатар сұрактарың туындаса, немесе кітаптан түсінбесең саған ешкім көмектесе алмайды. Сол себепті неде болса да ақшаңды аямай дайындық курстарына қатысу қажет. 1 күнің дайындықсыз қалып кетсе, 1 тақырып артта қаласың. Сондықтан әрқашан “в темпе” болу керек. Конкуренция коп, уақыт аз.
    2) МОТИВАЦИЯ-МАҚСАТ: Кейде лапылдап тұрған от секілді боласың, бәрін істегің келіп, мотивацияға толасың. Алайда мотивация кейде бар кейде жоқ. Оны ояту үшін әуел баста өзіңнің нық мақсаттарыңды қой: қандай университет таңдайсың, қандай мамандық, иесі болғың келеді, қандай балға жеткің келеді, соның бәріне “карта желаний”, яғни армандар картасын жасауға кеңес беремін. Кейде түк істегің келмей шаршайтын кезің болатынын білемін, бәріміз одан өттік, сол кезде армандарыңды еске түсіріп не үшін жанталасып қиналып жатқаныңды еске түсір. Болмай бара жатса сол сәтте дисциплина алып шығады.
    3) ПРАКТИКА-ҚАЙТАЛАУ. Тез жатталған нәрсе тез ұмытылады. Сол үшін, өткен тақырыбыңды кемінде аптасына бір рет (ең қолайлысы сенбі күні) қайталап оқып, миыңа қондыр. Басқа да есте сақтаудың методикасы бар. Түсінбеген досың бар болса, немесе өз бетіңмен айнаға қарап тақырыпты мұғалім ретінде түсіндір. Біздің миымыз автомат түрде біреуге дыбыстап шығарғанды жаттайды. Әйтпесе менікі секілді нағыз ҰБТ-да біліп тұрып ұмытқан сәттерің болады.
    4) НҰСҚА ТАЛДАУ. Маған қаңтар, наурыз, нағыз ҰБТ-да да жоғары балл алуға септігін тигізді. Ютубты ашып кез келген пән бойынша бірнеше нұсқа талдау таба аласың. Максимум 1 сағатың кетеді. Ол жерде келуі мүмкін, ықтималы мол сұрақтар талданады. Тіпті ол сұрактар келмесе де, талдаушылар сол сұрақтың мәнін қысқаша түсіндіріп кетеді. Соның арқасында сен тақырыпты қысқа мерзімде түсініп аласың. Ең дұрысы бүкіл материалды оқып бітірген соң, ҰБТ-ға кірер алдында 1-2 апта бұрын қарап бастау.
    5) РОМАНТИЗАЦИЯ. Ең соңғы этап. Бұл дегеніміз оқыған орныңды әсемдеу, таза жерде оқығаның таза миға жаксы. Әртүрлі локация (кітапхана, арнайы оқитын тегін лабтар) таңдап оқу. Себебі разнообразие болған жағдайда сен өзің де миың да жалықпайды, керісінше көбірек оқуға шабытың ашылады. ҰБТ-ға дайындығынды instagram желісіне салсаң да артық етпес. Мұғаліміңе, кураторыңа, сыныптастарыңа, группаластарыңа жүйелі дайындығыңмен мақтанып қой, ең бастысы шынымен де түр үшін емес өзің үшін дайындалу.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *