Ұлттық киім – ұлт ажары
ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЖАРЫ
Момыналы Аяулым Мейербекқызы
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Аңдатпа: Тұтас бір ұлттың бейнесі болып саналатын құндылық – ұлттық киім болып танылады. Бір ұлтты тану үшін ұлттық киіміне назар аудара отырып, анықтауға болады. Ұлттық киімі арқылы тұлғаның дәрежесі, мәртебесі, тұрмыс құрған ба, жоқ па? т.с.с көрінеді. «Адамның көркі – шүбірек» демекші, «киім» жалпы адам баласының айнасы. Ал , ұлттық киімде бейнеленген, жалғанған деталь, ою-өрнек т.б ұлттың ассоцияциясы. Қазіргі озық заманның жастары ұлттық киімге қалай қарайды?
Кіріспе
Ата-бабамыздың киімге деген талғамы өте жоғары болған. Тек сәніне ғана мән беріп қана қоймай, үйлестіре отырып, қонымды етіп таңдаған. Киім ол тек сәнді, өрнекетліп тігілген мата емес, ол адамзаттың бейнесі. Ұлттық киім – ұлт бейнесі. Ұлттық киім – бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет –ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Әр ұлтты ерекшелендіретін дәстүрлі құндылықтары, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы, ұлттық киімдері бар. Қазақтың ұлттық киімдері – тарихтың көзі, өткен тарихымыз бен салт-дәстүріміздің көрінісі. Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас атрибуты. Киім екі үлкен топқа бөлінеді. Олар: Ер киімі
Қазақтың ерлер киімі көйлек пен шалбар, үстіне шапан (шапан), басына бас киім (қыста – тымақ, жазда – қалпақ) киетін. Сонымен бірге шапан ер-азаматтың мәртебесін көрсететін ер киімнің маңызды элементтерінің бірі саналған. Шапандардың қалыңдығы мен түсі әртүрлі болуы мүмкін.
Әйелдер киімі
Әйелдердің дәстүрлі костюміне кең көйлек, үстіне камзол немесе шапан киетін. Негізінен әйелдер киімі чинттен, жібектен, барқыттан тігілген. Жұқа киіз де қолданылған. Суық мезгілде әйелдер түлкі немесе қозы терісін киген. Қазақтың киімдерін әшекейлеуде, сондай-ақ моншақтармен, киізбен, күміс тақталармен, әртүрлі жолақтармен безендіруде кесте өте белсенді қолданылды.
«Ең әдемі киім – ұлттық киім» деген екен ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сияпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі саналады.
«Заттың құны жылтырында емес, сапасында» демекші, қазақ ұлттық киімдері тек табиғи таза материалдардан: аң терілерінен, жүннен, киізден, былғарыдан және матадан тігілген. Жалпысында, қазақ халқының қолөнері − көне заманмен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның басты салаларының бірі – киім тігу. Қазақ халқының ұлттық киімдері қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, дала жағдайына ыңғайланған сан алуан әшекейлерімен, ою-өрнектерімен ерекшеленеді.
Қазір қуанатын жәйттар айта кетсек баршылық. Өйткені жастар күнделікті өмірде ұлттық нақыштағы киімдерді қолданысқа ие екенінің айқын дәлелдеп жатыр. Мысалы, шаш пен бастың аксессуары болып «шекелік», күнделікті образды толықтыратын «этно-корсет», ұлдарымызға «Абай тақиясы», «кеудеше».
Қазақтың көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектерді сақтай отырып, қазіргі уақытқа ыңғайланған сан алуан киімдер мен әшекейлерді қолданысқа енгізуге, күнделікті гардеробымызды ұлттық үлгіде тігілген киімдермен толтыруға болады деп ойлаймын. Ұлттық үлгіде тігілген киім арқылы жастардың бойына патриоттық сезім ұялатуға болады. Отандық өндірісті қолдай отырып, экологиялық таза материалдан бірталай киім мен әшекейлерді киюге жол ашу керек. Мысалы, мектеп оқушылары, студенттер және мемлекеттік қызметшілердің костюмдері мен галстуктарына қазақтың ұлттық элементтерін салып күнделікті жұмысқа кисе несі айып?! Шетелдерге өзіміздің ұлттық элементтері бар сапалы киімдерімізді ұсына отырып, отандық өнімдерімізді экспортқа шығаруға барлық күшқуатымызды салсақ жөн. Абайдың айтуынша, «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады», сондықтан еліміздің жастары сәнді және әдемі киінсе, олардың өмір сүру сапасы да жақсара түседі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Бұл жай ғана киім емес, бүтін бір ұлттың бет-бедерін айқындайтын ұлан-ғайыр тарих. Қыздарымызға көрік, ер-азаматтарға айбат, жігер беретін ұлттық киіміміз қазақ халқын бүкіл әлемге танытатын этномәдени құндылық деп білеміз. «Ұлттық киім – ұлт ажары» деп бекер айтылмаса керек. Ұлттық киімнің тарихы тұңғиық.