Ғажайып білім әлемі
Кашкинбаева Миуа Жанбырбайқызы
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін,қиялын,есте сақтап түсіну,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын арттыру.
Балалар қараңдаршы , бізге қонақтар апайлар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады.
Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?
Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.
Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Балалардың тақпақтарын тыңдау.
Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?
Буратино: Саламатсыздар ма балалар
Балалар: Саламатсыз ба Буратино
Буратино:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме»
Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша
Буратино: – Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?
Тәрбиеші: Еш уайымдама, Буратино.
Қане, балалар Буратиноға көмектесеміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне?»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап , тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.
Тәрбиеші: балалар міне біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз.1-ші аялдама: Бұл жерде үйшік бар екен,үйшіктің терезелері ашық тұр біздер терезелерін жабумыз керек.
1-ші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:
Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата.
Үйшіктің терезелерін тауып жабыңдар.
2-ші аялдамада хат бар екен,қәне онда не бар ашып көрейікші.Конверттің ішінде бізге жұмбақтар жасырыпты.
Дидактикалық ойын: «Төлін тауып бер?»
Сергіту сәті:
3-шіаялдама «Бау- бақша» аялдамасы . Бау- бақша аялдамасы көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті.
Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.
4-ші аялдама. Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»
Буратиноның кілтін құрастыру.
Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында , Буратиноның алтын кілті тұрады.) Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.
Тәрбиеші : Балалар, қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер екен ғой балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы
білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.
Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балбөбек» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым бар.
(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады)
Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.
Қорытындылау: Сұрақ-жауап.
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Біз кімге көмектестік?
-Біз қайда бардық?
-Сабақтың қай кезеңі ұнады?