«Ғибратты ғұмыр»

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы «Зерде» клубының кезекті дәрісі. Бүгінгі  дәріс  «Ғибратты ғұмыр» тақырыбындағы сұхбат –дәріс   елімізге және Ақжайық өңіріне  танымал тұлға, ұлағатты ұстаз, білгір де талапшыл, дарынды директор «Ерен еңбегі», Ы.Алтынсарин төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің  иегері Сапаров Ерсайын Қадырұлының   тағылымды өмірі мен  педагогикалық қызметіне арналады.

110 жылдық тарихы бар  батыс өлкесіндегі  Алаш арыстарының ізі қалған  оқу ордасына  қош келдіңіз, қадірлі Ерсайын Қадырұлы! Кездесуге колледж оқытушылары мен  студенттері қатысып отыр.  Сіз басшылық жасаған мектеп пен колледжбен тығыз байланысты болды.Себебі  қаладағы атаулы Сәкен атындағы №11 мектептің бастауыш сынып мұғалімдері түгелдей дерлік  бұрынғы педучилище, қазіргі педколледж түлектері .  Кейінгі колледжде бастауыш сынып мұғалімі бөлімінде білім алып жатырған студенттеріміздің   практикалық базасы  да №11 мектеп болды.

Сәкен Сейфуллиннің тікелей басшылығымен батыс өңірінде қазақ балалары білім алуы үшін тұңғыш ашылған қазақ мектеп –интернатына келер жылы ғасыр толса, Ерсайын Қадырұлы сол мектепті ширек ғасыр астам  уақыт дәлірек айтсақ, 27 жыл басқарды. Олай болса бүгінгі  дәріс осы тынымсыз ізденіспен өткен жылдар жемісіне  қалай қол жетті деген  сауалдарға құрылған сұхбат, еркін әңгімелесу бағытында өрбиді. №11 мектеп деп ауызға алынса, Мариям Мамайқызы мен Сіздің есіміңіз Ерсайын Қадырұлы сіз аталасыз.

Сондықтан  сіздің  ұрпақ тәрбиесіндегі  дастан жазуға тұрарлық еңбегіңізді  осы отырған жас қауым үлгі етіп, оны өз педагогикалық еңбек жолында  пайдалансын  деген ой.

Олай болса, алғашқы сауал Ерсайын Қадырұлы сізге  осыдан көп жыл бұрын ағай сіздің  жұмыс істеу стилінің  ерекше дегенімде  О деп алысқа көз жүгіртіп, мен Өзбекәлі Жәнібековтің қарауында болдым ғой деп қана бір ауыз сөзбен қайырғансыз. Бүгін сол сөзді тарқатып айтудың жөні келген сияқты. 1970 жылы жаңадан ұйымдастырылған Торғай облысы партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болды. 1970-1975 жылдары Қазақстан Компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы

Сатираның сайыпқыраны  Шона Смаханұлы  Алматы қаласында үйді-үйді жағалап,  қазақ мектебі  мен балабақшасын  аштырғанын Алматының зиялы қауымы аңыз қылып айтады. Сол еңбегіне орай  туған жері Таразда  атына мектеп беріліпті. Ал  Алматы әлі де бір мектеп атына қимай деп жазады қаламдастары. Сіз де батыста бастауыш сыныбы болмаған мектепте  оқушылар жинап, оларды үйлеріне көлікпен таратыңыздар. Одан  бастауыш сыныпқа бөлек енші беріп,  бөлек меңгерушісі  тағайындадыңыз.

    Осы жайында баяндап  өтсеңіз.

Күні кеше  12 сәуір ғылым қызметкерлерінің күні деп белгіленіп, кітапханаларда «Ғалым кітапханада», оқу орындарында атты  шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Сіз басқарған жылдары университет ғалымы Алпысбай Мұсаев  және ақын Ғайсағали Сейтақ мектепте факультатив сабақтар жүргізді.  Және  ағылшын тілімен қатар араб тілін де оқытуды бастауыш бастап қолға алдыңыздар. Осыны оқу бағдарламасына қалай енгіздіңіздер?

      Оралдағы №11 мектеп  туралы  ақын  Ақұштап  Бақытыгереева мен Ғайсағали Сейтақтың  жыр жолдарын  1 және 4-курс студенттері оқиды.

Мектеп қабырғасында –ақ оқушылар болашақ мамандықтарына бағыт алатын болды, себебі  1991 жылы гуманитарлық, жаратылыстану және математика бағытарында лицей сыныптары ашылды. Егемендік алған алғашқы жылдар осындай  бағыттағы сынып ашуға не түрткі болды?

«Бір ел, бір кітап» республикалық акция  негізінде «Оқуға құштар оқу орны»  жобасы да қолға алынып жатыр. Сіз  кітапхана  аумағын әдеттегіден бөлек  кеңейтіп, дәлізден кітап оқитын зал бөлек  зона  жасадыңыз,  кітап оқуды да жолға қойдыңыз.  Мектеп іші  маусым сайын  өзгерген табиғаттай  ауысып тұрушы еді.  Табиғат мүйісі де мектептен орын алды. Дизайнерлік  мамандық енді дүниеге келіп жатқан  уақытта  мектепте заманауи безендіру  орын алатын. Алғаш мектеп ашқан мемлекет  және қоғам қайраткері, әдебиеттің үш арнасында да қалам тербеген Сәкен Сейфуллинді  биік тұғырға орнатып, ескерткіш аштыңыз.  Сіз мықты дизайнер болдыңыз.  Осының бәріне идея қайдан келетін еді?

Сіз  басшылық еткен соңғы 13 жылда оқушылар  76 «Алтын белгі», 100-ге жуық үздік үлгідегі аттестат иеленді «Болашақ» бағдарламасымен   18 оқушы  шетелдерде оқыды. Мұндай нәтиже тек мықты  бірлігі мен білімі  жарасқан  педагогикалық  ұжымның  ғана көрсеткіші бола алады.

Кадр мәселесін қалай шештіңіз деген ерік сауал туындайды?

Ән  «Алғашқы ұстазым»  сөзі Нұрсұлтан Әлімқұловтікі  әні Әшір Молдағайыновтікі  орындайтын музыка кафедрасының оқытушысы  Әйбек Тұрарбеков

Республикада тұңғыш рет мектепте жүріп, ғылым кандидантығын қорғаған  мұғалім де №11 мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі  Зейнолла Мүти болды.

6/29/2015  жылғы Мемлекетаралық кеңестің шешімен «Білім беру жүйесіндегі үздіктер» атты халықаралық энциклопедияға №11 мектеп   енді.

Өткен сенбіде 29 сәуір күні №11 мектеп жанындағы Өнер мектебі өзінің 30 жылдығын облыс көлемінде атап өтті. Үлкен салтанатты жиында сіздің тікелей  басшылығыңызбен ашылған  бейнелеу өнері бағытындағы сынып  қанатын кеңге жайып, домбыра,  вокал, би сыныптары ашылғаны мектеп директоры Аягөз Хамзина, облыстың бас ұстазы Айгүл Әділгерейқызы ерекше атап өтті.

Биыл «Көктем балының 11 маусымы»  көрерменге 29 би түрін ұсынды.  Әдемілік пен сұлулық  түрлі би қимылдары арқылы   берілетіні сөзсіз. Мектеп қоғамға жан-жақты тәрбиелеген  тұлғаны  тарту етіп отыр. Оқушылардың бос уақытын пайдалануды өте тиімді ұйымдастыра алдыңыз.

Бұл қайдан ойға келді. Білім ұлттық, мәдениет  әлемдік болуы тиіс деген  ойдан   шыққан  идея ғой.

№11 мектеп табалдырығын аттаған әрбір жан  сізді кабинеттен емес дәлізден  оқушыларды қарсы алып тұрғаныңызды көретін еді.

Күн сайын  оқушыларды сабаққа қабылдау сізге және оқушыларға не берді деген сұрақ  еріксіз туындайды.   Талай шетелдер сапарларда болдыңыз.

Қазір жастар бойында қандай қасиеттер сізге ұнайды ал қандай мінез-құлық сізге ұнамайды?

         Колледж оқытушыларынң арасында №11 мектептің түлектері  қазақ тілі мен әдебиеті каф. Меңгерушісі Бақытханым  Мақсотқызы Кәрімова,  бөлім меңгерушісі , химия және биология пәндерінің оқытушыс ы Молдағалиева Жеңісгүл Ермекқызы,  өзінің алғашқы еңбек   №11 мектептен бастау алатын директордың ақпараттық істер жөніндегі орынбасары  Ақан Мәлікұлы  Бижанов бар.

  Сөз колледж директоры Алтынгұл Жақысығұлқызына беріледі.

    Құрманғазының күйі  «Адай» орындайтын   музыка кафедрасының оқытушысы Есқайыров Қанат және 2-курс студенті Мәдина Сағидуллина.

Сіз еккен дән, төккен тер өз жемісін беріп жатыр.  Қазір де  мектептің әрбір жеңісіне қуанып отырасыз.  Іргелі істерінің  кеңесшісісіз, қазір құрметті  демалыстасыз.   Батыр Талғат Бигелдинов  демалысқа шыққан соң  омарташы болып кеткен екен. Қарап жатпай сіз  саяжайдан жер алып,  Зәуреш  апа екеуіңіз бала-немерелерді    жеміс-жидек, көкөніспен  қамтамсыз етіп отырсыздар.   Биыл да жиын-терім мол болсын. Жер-анадан  күш-қуат ала беріңіздер.  Немереден  шөбере сүйіп отырсыз.  Енді солардың қатары көбейсін.   Шақыртуымызды  қабыл алып,  уақытыңызды бөліп келгеңізге көп рақмет.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *