“Көп қырлы қаламгер”
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы «Зерде» клубының кезекті дәрісі. Бүгінгі дәріс колледждегі «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Көп қырлы қаламгер» тақырыбында Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Файзоллаұлы Ғұбайдуллиннің шығармашылық лабораториясына арналады.
Қадірлі Бауке, 110 жылдық тарихы бар батыс өлкесіндегі Халел мен Жаншаның ізі қалған, білім алған оқу ордасына қош келдіңіз!
Облыстың бас үнпарағының жайымен колледжге ат басын тіреген кездеріңіз болды, бірақ бүгінгі кездесудің орны бөлек, себебі Бауыржан Омарша айтсақ, сөзі жебедей тиген, сөйлемі шегедей қадалған мақала мен әңгімелерді оқытушыларымыз оқып, қайран қалған қалып отырған жайы бар.
Көсем сөз бен көркем сөздің сардары Баукеңнің алдында сөз айтуға қобалжумен қатар, уақытты атқан оқтай, шапқан аттай пайдаланбай ұзатып алсақ, сізге деген, сіздің шығармаларға деген ықылас-ілтипатымыз деп қабылдаңыз.
Абай адамды аяқтағанымен емес істі бастағанымен бағала дегеніндей, Баукең студент шағында Өр Алтайдың Мұзбалағы Оралхан Бөкейімен сұхбат жүргізіп, оны өзі сол кезде қызмет атқаратын аптасына бес мәрте шығатын «Алматы ақшамы» басылымында жариялайды. Баукеңнің алғашқы аяқ алысы осылай басталған.
Баукең 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған соң, кейбірінің атынан ат үркететін «КазТАГ агентігі, «Қазақ әдебиеті», «Алтын Орда», «Халық кеңесі», «Айқын» басылымдарымен қатар «Ақжелкен», «Зерде» республикалық балалар басылымдарында қызмет етті. 2002 жылдан бері 20 жылдың үстінде Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінің бас редакторы.
Ақжайықтың Баукеңі- адам жанының инженері –журналисттік қызметпен қатар шығармашылықты қоса тізгіндеп, «Күн бала»(2001), «Жиһанкез» Ақкербез»(2009), «Жаныма жақын жағалау» (2014), «Биленбеген вальс» (2020оқырманға жол тартып, қалың қауым оқырманы жылы қабылдағанжинақ пен кітаптардың авторы.
Абаймен екеуміздің арамызда бала жоқ деген Қазақтың Қадыры да еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан бастаған, өз шығармашылығын балалар әдебиетінен бастаған.
Балалар әдебиеті жайында балалар әдебиетін үлкен әдебиеттің берік, мығым іргетасы деп қарау керек. Ал жалпы, асқақ гуманизмді ту еткен әдебиетсіз иманды орта, жібі түзу қоғам қалыптастыру мүмкін емес. Сол себепті билік те, халық та әдебиет әлеміне оралғаны ләзім. Бұған әрине, бірінші кезекте билік мүдделілік танытуы тиіс,-дейді Баукең.
Баукеңнің тырнақалды «Күн -бала» жинағындағы «Сыйлық » өлеңінің
алғашқы шумағы 2-сынып «Қазақ тілі» оқулығында и және й әріптерінің емлесіне берілген.
Апам қонақ шақырып,
Достарымды ж…нады.
Менің туған күніме
Көкем кө…лек сы…лады.
Баукеңнің балаларға арналған«Күн-бала» жинағының атауы «Күн-бала» әңгімесімен байланысты. Бәрімізді ата-әжеміз, аға-апамыз еркелетіп, есімізден бөлек тағы да ат қойды. Шыңғыс атты қасы-кірпігіне дейін сары баланы жездесі Мағзомның лимон десе, әпкесі Ұлжан мұндай тәтті баланы апельсинге теңеген дұрыс,- дейді. Жаңа түскен жеңгесі Алтынсары деп ат қойса, әжесі өзіме ұқсаған әңгелегім,-деп мейірленеді. Ал атасы аспандағы алтын Күннің жерде жүрген нұр сәулесі, менің Күнім Күн-бала ,-дейді. Баукең осыны тапқырлықпен, бауыр етіміз бала мен бауырды еркелетудің әдемі көрінісін әңгімеге тиек еткен.
«Балалар бағбаны» атты 2 томдықтың бір ерекшелігі сұхбатқа құрылған, сонда журфактың түлегі, ақын Ертай Ашықбай балалар әдебиетіне келуін балаларым каникулда ауылда кетіп, соларды сағынған балаларға арналған туындылар дүниеге келді,- деп жауап береді.
1.Келесі балаларға арналған «Жиһанкез Ақкербез» жинағы туралы, ондағы кейбір кішкентай бүлдіршіндердің аттарының сіздің отбасына қатысы бар ма? Осы жайында айтып берсеңіз.
Жинақтың «Бала тілі-балды» оқи отырып, әр отбасында осындай түрлі жайттар болатыны, оны ыждағаттылықпен жинастырса болады-ау деген ой туындайды. «Шыңғыс- кірпиязда» Шыңғыс деген еркетай баланы көрші Елена әже Чингиз-каприз, аула балалары Шыңғыс-кірпияз, қасына жатып айдын шалқар көл қылған немересін әжесі Алтын балық, Ресейде өрт сөндірушылердің әскери училищесінде оқитын ағасы пожарник деп атағаны сондай шынайы да нанымды суреттелген. «Балық аулай барғанда» шағын әңгімеде Асұланның балыққа қатысты біраз ырым –тыйымды нағашы атасынан үйренгені баяндалады. «Өскен соңда»бәсіре деген ұлтымыздың салт-дәстүрімен танысады. Бәсіре– баланың дүниеге келуі төрт түлік малдың төлдеуімен тұспа-тұс келген жағдайда, жаңа туған құлынды немесе ботаны дүниеге келген сәбидің бәсіресі деп атап, соның еншісіне берген. Қазақтардың көнеден келе жатқан нанымы бойынша баланың болашағы оның бәсіресімен тығыз байланысты болады деп сенген. Сондықтан бәсірені бала ержетіп, өзі ат жалын тартқанша ешкім мінбеген, жекпеген, соймаған және сатпаған. Қайта баламен бірге бұла етіп өсіріп, ерекше көңіл бөліп бағып-қаққан. Бала өзінің бәсіресін есі кіре бастаған шағынан күтіп, баптап, бірге есейсе, кішкентайынан мал қадірін біліп, шаруаға икемділік танытады деп осыған мән берген.
2.Бауке, сіз бірде журналист сауалына балалар әдебиетіне билік тарапынан аялы қамқорлық, жүйелі жанашырлық бар екендігін әлі күнге дейін сезінген емеспін.
Ресейлік балалар жазушысыЭ. Успенскийдің Мәскеуден шыққан кітабын қолыма алған сайын сүйсінемін әрі қызығамын. Безендіру қандай, қағаздың сапасы қандай, шіркін! Аталған автордың ресейлік мамандар аталмыш повесть-ертегісі желісімен бірінен -бірі өткен бірнеше мультфильм түсірді. Менің де «Ойыншықтар көтерілісі», «Жиһанкез» Ақкербез», «Ақ көбелек», «Кішкентай «командир», «Әке көрген оқ жонар…», «Абзалдың күшігі», «Кішкентай «Карлсон», «Көк құлыншақ», «Ауылдан келген Ақтөс», «Чук» пен «Гек» секілді әңгімелерім мультфилм түсіруге сұранып тұрған туындылар. Бірақ оған біздің елде кім көңіл бөліп, назар аударып жатыр? Мультфильм өндірісіне келгенде, біз қазақ балаларын әлі күнге дейін фольклормен алдарқатып жүрміз. Ал бүгінгі балдырғандардың көңілін үнемі ауыз әдебиетімен аулау мүмкін бе?..деп едіңіз. Колледждегі математика, физика, информатика кафедрасы сіздің туындыңызға анимация жасады, соны тамашалап көрейік.
Қазіргі әдебиетімізде роман, хикаяттан гөрі ғалым С.Шарабасов айтқан экологияға ұшырған әңгіме мен Д.Исабеков көшкен жанр драмалық шығармалар әдебиеттің көшін бастап тұр. Әңгіме оқуға жеңіл, уақытқа үнемді десек, драмалық шығармаларды театрға барсаң көре аласыз.
Ендігі кезек мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру кафедрасына беріледі.
Баукеңнің «Биленбеген вальс» жинағындағы әңгіме, новеллаларға ақын Қадыр Мырза Әли, драматург Дулат Исабеков, жазушы Қайыр Бектұрғанов тарапынан жоғары баға берген.«Кие» әңгімесі парсы, француз тілдеріне , «Ұялшақ махаббаттың ғұмыры ұзақ» әңгімесіқырғыз тіліне қотарылса,
«Ортақ ерлік» әңгімесін ұйғыр тілдеріне аударылған.Балаларға арналған әңгімелері бенгал, араб, ағылшын, қытай, қырғыз, орыс, беларусьтілдеріне тәржімаланған. Жалпы алғанда 11-ге аударылған. Бұл деген сөз Дулат Исабековше айтсақ, қазақ әдебиетін әлем танып жатыр.
Олай болса Баукеңнің ұлы Алпамыс Файзолла балаларға арналған шығармаларды ағылшын тіліне аударған. Кейбір әдебиет алыптарының ұрпақтары өз әкесінің шығармасын аудармамен оқитын жайттар да кездесетін заманда әкелі-балалы бір арнада тоғысып, шығармашылық одақ құруы өте қуантарлық жағдай. Олай болса, ағылшын тілі кафедрасына кезек береміз.
«Ұялшақ махаббаттың ғұмыры ұзақ» әңгімесі
Бішкек сапарында Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің аудиториясында 1986 жылы Алматыда орын алған Желтоқсан оқиғасында қазақ жастарын ұрып-соғудан бас тартқан КСРО Қарулы күштерінің сол кездегі қатардағы жауынгері Талайбек Ысқақтегімен алматылық жастардың кездесуі өте әсерлі суретелген. Құрманжан мен Қайырханның танысқаны , қырғыз бен қазаққа құт болсын! Жазушы Б.Соқпақбаев: басымнан кешкен оқиғаларым шығармаларымда қаз қалпында бейнеленген,-дейді. Олай болса Қайырхан Баукеңнің өз бейнесі сияқты. Думаны мол студенттік кездер–ай, Тан атқанша ұйықтамайтын таласып. Сонау бір қызығы мол студенттік шақтардың куәсы сөзбен әсем көркемделген.
СазгерИлья Жақанов жасы ұлғайған шағында Атырау пединститутының көркем сурет және графика факультетін бітіріп, диплом жұмысын живописьтен қорғады деген оқығанбыз. Біздің Баукең жігітке жеті өнер аз деген қазақтың қағидалы сөзіне лайық, көп қырлы азамат. Ән-көңілдің ажары дегендей, әуен, саз,ырғақ сізді алғаш қалай мазалады? Сазгерлік өнерді игеру жолыңызтуралы, тұсауы кесілген әндеріңіз жайлы білгіміз келеді.
Сөзі: Есенғали Раушановтікі әні: Бауыржан Ғұбайдуллиндікі
Ән музыка кафедрасының оқытушысы Бақытжан Бакимов
Бауке, ұлттық колориттегі әуендеріңіз көрермендердің жүрегіне жол таба берсін.
Баукеңнің балаларға арналған бірнеше туындысын орыс тіліне Борис Мырзагалиев аударды.Ол – Ақжайық аудандық «Жайық таңы» газетінің тілшісі.
Орыс тілі кафедрасы оқытушыларына кезек беріледі.
«Етікші» мысалы Ерінбеген етікші болады мәтелімен басталады. Мысалдың шарықтау шегі екі адамның басы қосылса болды, сөз ететін саясатпен шаруасы жоқ. Етікшілер болса, саясатшылардың антонимі іспеттес. Осы жолдардың өзінде автор аз сөзбен саясатшылардың болмысын толық ашқан.
А.Байтұрсынов айтқандай,Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз. әркім өзінен қолынан келетін іспен айналысып, ел басқаратындар ел басқарып,бала оқытатындар бала оқытсын деген оймен ұштасады.
Баукеңнің балаларға арналған туындыларға шығыс тілдеріне араб, парсы, қытай тілдеріне тәржімаланған. Біздің облысымызда Мұрат Сабыр, Арон Құспанов сияқты ғалымдар мен ортамызда араб тілінің мамандары да бар. Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Бақытханым Мақсотқызы.
Бауыржан Файзоллаұлы қоғамда белең алған, түйіні шешілмеген мәселелер байланысты тек мақалалар жазып қана қоймай, сол тақырыптарға Ахаңдай мысал да жазды.
Қоғамдық және жаратылыстану кафедрасы оқытушыларына сөз беріледі.
Баукеңнің өзі жазғандай суасты әлемініңтіршілігі мен талай құпиясын білетіндігі және шығармаларынан Баукеңнің аңшылықтан гөрі балық аулауды жақсы көретіні, Абай өлең шіркін сырыңды жұртқа жаяр дегендей Баукеңнің жеке парақшасындағы мына сурет соның куәсы сияқты.
Бауке, сурет деп бастап қалдық , ендеше Технология кафедрасы меңгерушісі Нұрлан Амангелдіұлыныңжетекшігігімен орындалған жұмыстарға кезек берейік, өзіңіз бағалаңыз.
Күні кеше 95 жасқа толған Мекемтас Мырзахметовтің өмірімен тағдырлас Баукеңнің шығармасы «Ортақ ерлік» сөз колледждегі жетекші кафедра педагогика және психология каф.оқытушыларына беріледі.
Автор «Ерлік дегеніміз-қиын сәтте, сын сағатта өз-өзіңді жоғалту» деген эпиграф берген.
Баукеңнің кітап сүйер жамағатты елең еткізген жинағы «Биленбеген вальс». Сондай-ақ жинақтағы «Биленбеген вальс» әңгімесі.
Сөз қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушыларына беріледі.
«Биленбеген вальс»әңгімесінің әсерімен ақын Талғат Мықидың сөзіне айтыс ақыны, сазгер Орынбек Меңдіқұл ән жазды. Ән «Биленбеген вальс» орындайтын саз бөлімінің 2-курс студенті Жақсылықова Қымбат жет. Жасқайров Қанат.
Жазушы Бауыржан Ғұбайдуллиннің «Биленбеген вальс» кітабында ендігі бір шоғыр әңгімелерітуып-өскен жері Қызылжар мен оның іргесінде ағып жатқан Жезбұға көлінің тамаша суреттерін, кейіпкер болмысын табиғатпен байланыстыра суреттейді. Адам мен табиғат арасы ажырамас бірлікте болып, кейіпкердің жан күйзеліс сезімі табиғат құбылыстарымен егіз бейнеленеді. Жазушы табиғатқа адам іс-әрекетін береді. Мысалы «Қысқы орман» Мен орманға қыста барғанды ұнатамын. Қысқы орман қандай рахат, тып-тыныш.Жанға жайлы мүлгіген тыныштық. Мен кейде қысқы орманды өмірдің ащысын, да , тұщысын да көп көрген , басынан көп жайтты өткерген, көңіл сарайына көп түйген, кеуде-сандығына көп керектіні жиған қазына қарияға ұқсатамын.Ал көз жетер жердің түгелдей еш қылаусыз ақ ұлпаға бөленгенін , айналаңның аппақ әлемге айналғанын көріп тұрып, мен кейде қысты пәк бейкүнә сәбиге ұқсататын. Кейде аппақ қысты арын кір шалмаған аруға балаймын. Жапалақтап қар жауғанда аспан асты, жер үстінің мамыражай тыныштығын тек жұпар исі балбөбектің ақ бесікте еш алаңсыз балбырап ұйықтап жатқан сәтімен ғана салыстыруға болады. Жезбұғаның арғына бетіне өтсең сылаң қағып Ақ Жайық ағып жатады. Жезбұғаның арғы бетіне шығысымен басталатын шоқ тоғайлар ну орманға айналады. Бұл орманның ақтерек, көктерек, мойыл, итмұрын, үйеңкі, шегіршін, тал, тораңғы деген тұрақты тұрғындары бар. Мен қысқы орманға жетсем болды, шеткерек өскен көктерекке арқамды сүйеп, көзімді жұмып, ойға шомып ұзақ тұрамын. Неге көктерекке арқа сүйегенді ұнатамын , оны тап басып айта алмаймын. Көктерекке арқа сүйеп біраз уақыт тұрғаннан кейін орманның әлдебір тұсынан әлдебір тоқылдақтың әлдебір ағаштың діңін жем іздеп тоқылдатқаны құлағыма талып жетеді. Бұл маған мейірімді Орман атаның «Салқын тиіп қалар , балам, қайтатын уақыт болды» деген жанашыр ескертуіндей сезіледі.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тораңғының үш түрі өседі. Олардың барлығы сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер түріне жатады. Ортадересін маңында өсетін кейбір тораңғының биіктігі шамамен 5-6 метр. Жергілікті жұрттың айтуынша, қазақ халқы тораңғыны ежелден «шөл даланың падишасы» санап, ерекше қастерлеген. Отын ретінде пайдалануға тыйым салып, мал жаймаған. Тораңғының бір ерекшелігі 50 метр тереңдіктен су тарта алады. Кейінгі жылдары тораңғы ағашының шыбықтарын отырғызу жұмыстары қолға алына бастады.
«Жазда жауған бұршақ» новелласы Қалқаманның әкесі Жазықбай ағаның: Ей, балам, бұл Ауған соғысы жаңа шыққан егіннің көгіндей жастарды жазда жауған бұршақтай соқты ғой сөзімен алынған екен. Иә жазда жауған бұршақ қауіпті, оқырман қорқа соқтап барып оқып, өзінің көзін жеткізгісі келеді. Автор Қалқаманның ішкі толғанысын күнделікке түсіртеді. Онда уақытын жазбай, тек елдімекенін көрсетеді. Осы тәсіл арқылы тақырып ашылып, сұм соғысты, биліктің самарқау қалпын бейнелей алған. Бұл -Ауған соғысы сарбаздарына сөзбен соғылған ескерткіш.
Баукеңнің жанына жақын көсем сөздері «Жаныма жақын жағалау» атпен 2009 жылы кітап болып шықты.Баукең өз кәсібінің, ісінің хас шебері
«АқЖайықтан батыр да, ақын да, жырау да аз шыққанжоқ. Марабай жырау осы Теректі өңірін мекендесе, Қызылжар елдімекенінде Жантөре хан Айшуақ ұлы жатыр. Жантөре хан ғана емес, соңына «Шалқымадай» керемет туынды қалдырған күйші. Ендеше, бұл топырақтың даласы да, моласы да киелі. Осындай жерде туып-өскен Бауыржан Ғұбайдуллин жасынан сөздің қадірін түсініп, бүгінде өз кеңістігіне көтерілген, заманның толғақты мәселелерін қозғай білетін қаламгерг еайналды. Көркем шығарма жазып қана қоймай, Қазақстанның қоғам, өнер, спорт қайраткерлерінен бастап Шыңғысханға дейін небір тұлғалар жөнінде ойтолғады. Дейді белгілі ана шайыр АқұштапБақтыгереева.
Сөз қадірін білетін Баукеңнің мақалалары турасында сөз дене тәрбиесі кафедрасының оқытушы мен көп жыл көгілдір теледидарда тележурналист, «Дарынның» дарабозы болып, қазір жетекшісіне айналған қазақ тілі каф. қытушысы Х.Жандосқа сөз кезегі.
Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде өзінің азаматтық позициясын білдіріп отырады.
2022 жылы 23 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайға
Ұлттық құрылтайдың мүшесі
2023 жылыСәуірдің 21-і күні Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының маусымашар концерті өтті. Концертті «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жергілікті жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллин жүргізді.
Сыйлық берерде:
Біздің бала, бозбала кезімізде, жас шағымызда мереке-мейрамдарда немесе туған күнге әдеби кітап сыйлау үрдісі болды. Керек десеңіз, «Ең жақсы сыйлық – кітап» деген көзқарас бар-ды. Орынсыз ұмытылған осы жақсы дәстүрді сіз болып, біз болып жаңғыртсақ, жақсы болар еді…
Тағы бір өзіңіз айтқандай , 1924 жылы АҚШ-та жарық көрген «Журнализм канондары» деп аталатын журналистердің алғашқы кәсіби кодексінің өзінде «Журналистің басты міндеті – халыққа билікті бақылауға көмектесу» деп жазылған