Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті: Тақырыбы: «Ш» дыбысын қою. Мектепалды даярлық «Ақбота» тобы жеке жұмыс
Тақырыбы: «Ш»дыбысы Мақсаты: «Ш» дыбысының артикуляциялық қалпын қалыптастыру. «Ш» дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимылдарын қалыптастыру және белсендіру. Дұрыс тыныс шығаруын және қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру. Фонематикалық қабылдауын жетілдіру, сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: айна, слайд, тыныс жаттығуына арналған заттық суреттер, дыбысқа байланысты суреттер. Іс-әрекеттер кезеңдері Логопедтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы кезең -Сәлемдесу. Балаға смайликтерді беріп, көңіл күйін таңдату. Баланы оқу қызметіне психологиялық дайындау. 1. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ал оқу қызметімізді бастамас бұрын қолымызға, саусақтарымызға жаттығу жасап алайық. Массажды доппен алақанға массаж жасау. Саусақтар амандасады (екі қолдың саусақтарын бір бірімен амандастырады). Бала жүгіреді (үстелдің үстіне сұқ және ортаңғы саусақтарымызды қойып, оларды жүгіртеміз). -бала смайликті таңдап, көңіл күйін көрсетеді. -қонақтармен сәлемдеседі. -бала қолына, саусақтарына массаж жасайды. Ізденуші-ұйымдастырушы кезең Рефлекйивті коррекциялаушы кезең -Қыс жайлы бейне ролик. -Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Дұрыс айтасың! Ал енді біз тыныс алу жаттығуын жасайық. 2. Тыныс алу жаттығуы –«Боран соғады» еркін дем алып, шығару, ерін бұлшық еттерін белсендіру.Біз тыныс алуымызды қалыптастырып алдық, енді оқу қызметімізді бастайық. -Өткен аптада біз қандай дыбыспен таныстық? Олай болса мына суреттерді ата. Қане, айнаға қарап «Ш» дыбысын айтқанда ерніміз, тісіміз, тіліміз қандай қалыпта болады екен қарайықшы. 3. Дыбыстың артикуляциялық қалпын анықтау. Сонымен біз бүгін «Ш» дыбысын дұрыс және әдемі айтуға үйренеміз. «Ш» дыбысын дұрыс айтуымыз үшін тіл мен ерінді жаттықтыруымыз қажет. 4.Артикуляциялық жаттығу. Жымию- тістерін көрсетіп жымию. Тіс тазалау – ауызды ашып, тілдің ұшымен үстіңгі және төменгі тістерді тазалау. Тәтті тосап -ауызды ашып, тілдің ұшымен үстіңгі және төменгі еріндерді жалау. Саңырауқұлақ – ауызды ашып, тілдің ұшын таңдайға жапсырып ұстап тұру. 5.Дыбысты қою. Еліктеу тәсілі: Жел соққанда ағаштағы жапырақтардан қандай дыбыс шығады? Машинаның дөңгелегі жарылып қалды, қандай дыбыс шығады? Механикалық тәсіл: Мақталы таяқшаның көмегімен тіл астын көтеріп жаттығу жасау арқылы «Ш» дыбысын айтқызу. -Сонымен біз бүгін айнаға қарап қай дыбысты әдемі, дұрыс айтуды үйрендік? Дөңгелек жарылғанда қандай дыбыс шығады? Жарайсың, сен бүгін оқу қызметіне белсене қатыстың. Мен саған ризамын. Олай болса саған мына смайликты беремін. -Осымен оқу қызметіміз аяқталады. Сау бол! -Қыс.Күн суытады, қар жауады, үстімізге қалың киінеміз, шанамен ойнаймыз. -бала түтікке үрлейді -Ш дыбысымен таныстық. Шана, қайшы, шар бала айнаға қарап дыбыстың артикуляциялық қалпын анықтайды. -Тілдің ұшы таңдайдың алдыңғы жағына (альвеолға ) көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді; – Бүйірлері жоғарғы азуларға тиеді; – Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді; – Тістер не қысылған, не жақындаған кезде арасында 1-2 мм саңылау қалады; – Алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Бала логопедпен бірге артикуляциялық жаттығуларды жасайды. Ш –ш –ш –ш Ш –ш –ш –ш Ш –ш –ш –ш -«Ш» дыбысын дұрыс айтуды үйрендік. -Ш –ш –ш –ш -Рахмет. -Сау болыңыз! Күтілетін нәтиже: Ш дыбысын,оның таңбасын біледі. Не игерді:сұраққа толық жауап беруді, Ш дыбысының артикуляциялық қалпын, айтылу ерекшеліктерін игерді