Экологиялық мәселелерді поэмасында айтқан ақын

Автор: Қоныс Мансура

Табиғатты ойлау жылдан жылға азаюда, адамдар өз пайдасы, қызығы, өз фантазиясындағы заттарды шындықта жетілдірем деп кейде соқыр болып кетеді, табиғатты қайғысыз ластайды, жануарларды қорлайды, аяусыздық танытады және қалай қоршаған ортаның сұлулығын, тіршілікті жойып жатқанын байқамайды. Бұл өзекті мәселені көтеру, осы жайлы айту бәрінің қолынан келе бермейді, бірақ қолынан келген адамдардың бірі Қадыр Мырза Әлі.

Қазақстанның алғашқы Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі, туған жерге деген ыстық ықыласы мен махаббатын жырлап өткен қазақтың атақты классик ақыны, поэзия алыбы Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы нағыз құрметке лайықты.

Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра деп жырлаған белгілі ақын, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіледі. Онда ол достар туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастайды. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастады.

Қадір жазуға өте жақын және шын құштар болды.

Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.

Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығындағы басты тақырыптарының бірі – табиғатты жырға қосу. Ақын табиғат сұлулығын «Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» атты өлеңдерінде ерекше бір сыршылдықпен жырлайды. Ал «Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры» немесе «Қызыл кітап» шығармаларында экология мәселесін көтерді. «Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі» деп ақынның өзі айтқандай, адам баласы өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғанын күйіне баяндады және бұл үлкен құрметке лайықты.

Автор табиғатты қорғауды тек ел аумағында ғана емес, бүкіл ғаламшараралық мәселе ретінде қарастырып, оқырманды Америкаға да, Африкаға да, Еуропаға да апарады, бір кездерде мұнда адам саудасы болғанын да айтады.

Кейбір халықтың жойылып кеткенінен шошынады. Қандай да болсын, зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. Бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды.

Сол себепті, Қадір Мырза Әлі ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірген Қазақстанның халық жазушысы, ұлы ақын және керемет данышпан кісі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *