Тіл тағдыры-ұрпақ тағдыры

Ежелгі ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасы біздің аса кадіретті-ана тіліміз.Өрлеген 15 ғасырдан басталған тарихтың жалғасы біз жастар екеніне сенімдімін.Ежелден тілімізді қастерлеген көне жұрттың болашағы не болмақ?Қазіргі таңда өскелең ұрпақ өз ана тілін қастерлемей өзге ұлттың тілінде сөйлеуге әуес.Ежелгі рухани мұрамызды білмегеніміз қай сасқандық,өз өлеңдерінде  жырлаған ана-тілін жарты жұрттың шала сөйлеуі мемлектік резонансқа айналғаны рас.

Көне тайпа ретінде қалыптасқан, түрік елі болып жалындасқан халықтың бүгінгі кейпін көрсе ата-бабамыздың ренжейтін жөні болар еді.Себебі қазақ деген халықтан атымыздан басқа затымыздың түгі қалмады.Тіл мен дәстүр десе рухты жібермейтін алаштың ұрпағы қазірде біліп білместігін түсінбей өз күшін жоғалтуда.Жаңа туылған нәрестелерден бастап жасы келген үлкендердің қазақ тілін қолдануы екі талай.Тілдің ұмытылып бара жатқанына не түрткі деп ойлайсыздар?Шын мәнінде бұған себеп көп.Көптеген жастар ересек адамдардың ұялы телефонды мөлшерден тыс қарауы түрткі десем қате емес деп ойлаймын,оған қоса кішкентай сәбилерде ұялы телефонға әуес.Бұның бәрі тілдің жоғалуына алып соғады.Яғни ұялы телефондағы көптеген бағдарламалар өзге тілде жабдықталған,оған қоса бейнеролик көруді жаны сүйетін нәрестелерге де арналған бұл таспалар көбінесе ағылшын,орыс тілдерінде сипатталады.Бұны аз десеңіз тілдің ұмытылып бара жатуына өзге де себептердің бірі ана тілігің әлеуметтік орындардағы төмен дәрежеге түсуі.Мысал келтіретін болсақ қазіргі таңда сауда орталықтарында көптеген дүкендердің қазақша атауын көре бермейміз,жоқтың қасы деп атауға болады.Бұлда бір тіліміздің жоғалуының себептері деп атай аламыз.Сондай-ақ қазіргі заманның жастары өзге тілді үйреніп,өз тілін ұмытуда.Осылай  тіліміздің дәрежесі түсіп,ұмытылып бара жатыр.

Қорытындылай келе тарихымызба өзіндік ерекше орынға ие тілімізді қастерлей отыра,жаңаша кейіпке енгізіп,алдағы уақытта жаңа деңгейге шығарған жөн.Яғни ұлттық мәдениетімізді тілімізді мемлекетіміздің сұлу да келбетті бейнесі ретінде брендке айналдырғаннын арқасында халыққа жаңаша ой сыйлайды.Өсіп,еніп келе жатқан мемлекетіміздің болашағын ойлап қазірден алдыға мақсат қойып,алдағы белестерді бағындыруға іргетасын берік әрі мықты қалпында қалайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *