Жастардың айқайы

Жасөспірім айқайы

Қазіргі таңда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы артып келеді.Оның себебі мектептегі буллинг,ата-анамен конфлик.Осылардың бәрі жиналып балаға үлкен стресс болып,соңы қайғылы болып аяқталып жатады.
Мектеп-екінші үй,білім ордасы деп жатамыз.Алайда ішінде не болып жатқанын көбіміз біле бермейміз.
Бес саусақ бірдей емес демекші,білім ордасындағы балаларда әртүрлі.Кейбіреуі өте көңілді,ашық болса енді бірі тұйық,момын болады.Момын балалар біреудің айтқанына сеніп қала береді.Сол сенімді пысық балалар пайдаланып өз пайдаларына жаратады.Мектептегі буллинг осыдан басталады.Неге бұл буллингтің құрбаны тек момын балалар болады?Ол ата-ананың берген тәрбиесіне де байланысты.Баласын ұрсып,ұрып,қысымда ұстап тәрбиелейтін ата-аналардың құлағына алтын сырға.Сіз қазір балаңызға еркіндік беріп,өз қалауын таңдатпасаңыз,ертең үлкен өмірде ол өз орнын таба алмайды,сіздің айқайыңыздан басылып қалып,өзімен жасты балаларға қарсы тұруға шамасы жетпей қалады.Үнемі ақыл айтып отыратын адамды қажет етіп отырады.
Көп жасөспірімдер проблемаларын
ата-аналарынан жасырып жүреді.Қанша жасырып жүрсе де ана жүрегі бәрін сезіп,бір күні шындық ашылады.Ата-ана мен бала арасында конфлик пайда болады.Жан дүниесіндегі алай-дүлейді ата-анасына айтайын десе олар түсінбейді,достарына айтайын десе достары да түсінбейді,тіпті досы да болмауы мүмкін.Ешқандай тараптан қолдау көрмеген бала өзін керексізбін деп ойлап,өз-өзіне қол жұмсайды.
Халықаралық талдау Қазақстанда 5-14 жас аралығындағы балалармен 15-24 жас аралығындағы жастар арасында суицид деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
Бұл деңгеңдейді төмен түсіру үшін не істеу керек?Жастарға кеңес:Өзгелердің сөзін тым жақын қабылдама;
Ата-анаң бәрін сен үшін жасайды,саған тек жақсылық тілейтінін есіңнен шығарма
Көңіл күйің түсе бастаған кезде шоколад жеп,бар қайғы-мұңыңды ақ қағазға толтырып жаз
Ата-аналарға кеңес:Балаңызға барынша жұмсақ болыңыз
Мені де ата-анам ұрды,өлген жоқпын деген пікірді санаңыздан шығарыңыз
Балаңызға еркіндік беріңіз.
Жылына 1 рет психологка апарып тұрыңыз

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *