“Тұрмыстық зорлық-змбылықтың алдын алу” бойынша кеңес отырысы
“Байқоңыр қалалық отбасын қолдау орталығы”, “Байқоңыр қаласының Ардагерлер кеңесі”, “Аналар кеңесі”-нің қатысуымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылық” мәселесіне қатысты ықпалдасу және кеңесу отырысы өткізілді.Байқоңыр қаласында отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алу мақсатында меморандумға қол қойылды.Негізгі мақсаты-отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алу шараларын күшейту, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін,қауіпсіздігі мен қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдасу және кеңесу түріндегі іс қимылдарды жүзеге асыру болып табылады.Байқоңыр қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.А.Бисембаев мәселелерді тиімді шешу жолдарын атап өтті.”Аналар” кеңесінің төрайымы К.А.Есшанова өз пікірін білдіріп,”Ардагерлер” кеңесінің мүшесі, ақын Құдайбергенов Қуандық ағамыз әйелдерге арнау өлеңін оқыпғ қорытындылады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718