ӘКЕМНІҢ АРМАНЫ

Мардан Заманбеков – өмірін шығыс жекпе-жек өнеріне арнаған дәстүрлі окинава годзю рю каратеден халықаралық спорт шебері, кәсіпқой жаттақтырушы,қара белдеу иегері. Бұл өнерге деген құштарлығы бала кезінен басталған. Әкесі каратенің жанкүйері болғандықтан, ұлының осы спорт түрінен чемпион болғанын армандаған. Мардан бала кезінен жаттығып, әкесінің арманын жүзеге асыру үшін каратедегі шеберлігін үнемі жетілдіріп отырды. Қазіргі таңда халықаралық чемпионаттарда жеңген,көптеген жетістіктерге ие.
“Менің каратемен кәсіпқой жаттығып келе жатқаныма 28 жыл болды. Алғашында бұл өнер түрімен менің әкем айналысқан. Бірақ, Кеңес үкіметі кезінде бұған тыйым салынып, әкем ісін әрі қарай жалғастыра алмай қалды. Мен дүниеге келгенде әкем мені осы істі әрі қарай жалғастырып, жетістікке жетеді деп армандаған. Каратені көз ашқалы танып келе жатырмын. Ең алғаш ұстазым – әкем. Ес білгелі әкем маған күн сайын үйде базалық жаттығуларды үйрететін. ”, – дейді спортшы.
Жылдар өте келе, Мардан Бақытжанұлы елімізде ғана емес, шетелде де беделді каратеші атанды.Төзімділігі мен нақ осы өнерге деген адалдығы оны көптеген жас спортшыларға үлгі етеді. Мардан Заманбеков жай ғана каратеші емес, ол өз ісінің нағыз шебері, бар саналы ғұмырын жекпе-жекке арнаған ұстаз. Ол жас ұрпаққа осы спортқа деген құштарлығын дарытып, парасатты сана мен рухани күш-қуатқа баулиды. Оның тарихы көптеген адамды мақсаттары мен армандарына жетуге шабыттандырады. Спортшының айтуынша, әр жылдың 10 айын балаларды каратемен жаттықтыруға, қалған 2 айын өзінің дамуына, демалысқа арнайды екен.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *