“Жасанды интеллектің бізге деген пайдасы мен зияны”
Журналистердің қаруы негізінен өте көп, ол қарулардың ең бастысын
айта кетсек ол әрине-журналисттің білімі. Тек білім арқылы журналистика
мамандығының шыңына шыға аламыз. Басқа мамандарға өнер, қол, дауыс,
бет-әлпет қажет болса, журналистке осының бәрі қажет. Сіздің ойынызша,
журналистке білімнің қандай қажеті бар?
Қазіргі заманның балалары оқудың, білімнің қажеті не, оқығымыз
келмейді деп жатады. Бірақ осының бәрі ертең сауатты, салауатты адам
болып өскенге, болашақ ұрпағыңа дұрыс тәрбие беруге қажет болатын
дүние. Білім алу оңай, бірақ оны ары-қарай алып кету қиын. Себебі, саған
бала шағыңнан мектепте білім беріп, оқуыңды талап етеді. Бірақ
мектептегі білімді, сол мектепте қалдыратын адамдар мыңдаған. Сол
адамдар білімді тастап, кейіннен де білім алуды жалғастырмаса сауатсыз
адам болып қалады да, бала-шағасына керекті тәрбие бере алмайды.
Ал журналисттерге білімді болып қана қоймай, сол білімін ары қарай
алып кетіп, әрдайым ізденсіте жүру қажет. Өйткені, журналист өз
білімімен барша халықпен бөліседі. Адам сөйлегенде, жазғанда оның
білімінің деңгейі көрінеді. Білімнен басқа журналист басқа да “қаруларды”
біліп, игеруі қажет.
Біріншіден, журналистің тағы басты қаруы-тіл байлығы мен жүйрік
ойлау қабілеті. Себебі, қандай да бір істі өзінің тіл байлығы мен жүйрік
ойлау қабілетімен алға алып шығады. Журналисттер тез арада репортаж
түсіру қажет болса, журналистке аса маңызды қабілет ол-жүйрік ойлау
қабілеті.
Екіншіден, журналисттің сыпайы және қарапайым болуы интервью
алғанда аса маңызды қабілеті. Өйткені, сіз үлкен тұлғалардан,
министрлерден интервью алып жатқан жағдайда, олар сізбен еркін сөйлесе
алуы қажет. Сондықтанда, сыпайы және қарапайым болу журналтстке
қажет қырлардың бірі.
Үшіншіден, журналист бедірең, тапқыр болуы қажет. Себебі, ақпарат
жинау барысында журналистте осы қабілетті бойына сіңіру қерек.
Өйткені, ақпарат жинау кезінде журналисттермен бір ақпаратқа
бәсекелестік болуы мүмкін. Сол үшін, ақпаратты тез табу үшін осы
қабілеттерге үйрену қажет.
Қортындылай келе, журналист осы “қаруларды” игеру үшін бәрібірде
білім қажет. Сондықтанда, журналисттің білімі ұшқыр болса, осы
қасиеттерді игере алады. “Кісінің көркі киім емес — білім” демекші, білім