Ордалы жылан қауіпті ме?

Шама Адина Бауыржанқызы

Ордалы жылан қауіпті ме?

Жылан туралы оқиғаны бала кезден естігеніммен,көз алдымда болғанына еш сене алмадым.Бұл оқиға менің балалық шағымда болған қорқынышты оқиғалардың бірі.Біз қаланың шет жағындағы бір ауылда тұратынбыз.Онда үлкен өзен болатын біз балалармен әр жаз сайын сол өзенде ойнап уақыт өткізетінбіз.Бір күні ағам суда жүрген жыланды көріп,балалармен қызық көріп оны көз алдында өлтірді.Бұндай қорқынышты жайдайды бірінші рет көруімнен бе?Әлде жыланға жанымның ашығанынан ба? Үйге жылап барыппын.

Анамның не болды ?-дегеніне жауап бере алмай тек жылай беріппін.Сонда артымнан келген ағамнан сұрай бастады.Ол « жыланды біздер қорықпасын «-деп өлтіргенін айтты. Сонда анамның бұлай ашуланғанын көрмеппін.Тек «аллам ордалы жылан бола көрмесінші»-дегені есімде анық қалды.Сол кезде анамнан ордалы жылан деген не?-деп, сұрадым.Сонда анам күрсініп,бұл оқиғаның олардың жастық шағында болғанын айтты.Ол кезде әкем мен анам жаңадан қаладан ауылға көшіп келген кезі екен.Әкем сол жердегі мектепке жұмысқа кіріп,өзіне жақын дос табады.Олар жанымыздағы ауылда тұрады екен.Олардың достығы ұзаққа жалғасып,анамда ол кісінің әйелімен жақын араласып кетеді. Бір күні олар бірге табиғатқа демалуға шығады.Ол кезде ол кісілердің 2 жасар қызы болған екен.Ал анам мен әкемде әлі бала болмапты.Олар уақытты жақсы өткізіп, бірге суда шомылып,жүргенде қызының артында бір жылан тұрғанын әкемнің досы байқапты.Ол кісі қызына зиян тиеме деп-әкемнің қарсыласуына қарамастан ол жыланды өлтіріпті.Бұл оқиғаны көрген анам қатты қорқып,бір нарседен сескенгендей» бәрі жақсы болсын»- депті.Бұл түн тыныш өтіп,күнделікті өмірлерін сұріп жүріпті.Бір күні ауыл шулап,әкемнің досы және оның отбасы түгелдей қайтыс болған туралы хабар ауылда желдей есіпті. Анам мен әкем бұл сөзге сенбей досының үйіне қарай бет алыпты.Сонда ол үй жақта адамдардың көптігін көріп,анамның көзіне еріксіз жас келіп жатыпты.Ол кісілердің бәрін жыландар шағып өлтірген екен.Сол ауылдың үлкен ақсақалы байғұс-ау «ордалы жыланға жолығыпты ғой»- деп.Ауыл адамдарына ауылымызды ордалы жыландар қоршап жүр,ешқандай жыланды өлтірмеңдер,көрсеңдер ақ құйыңдар-деп айттып кетіпті.Сонда барлық ауыл дұрлігіп,бұл оқиға бүкіл Қазақстанға жайылып кеттіпті. Ең қызығы бұл ауылдың аты әлі күнге дейін»Жылан бұзған» екен.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *